Утешев Нариман Сулейменович - еңбек ардагері, «Жайық-Орал» экологиялық қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Утешев Нариман Сүлейменұлы – жоғары білікті еңбек ардагері,  «Жайык-Орал»  экологиялық қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы,  Оның еңбек жолы халық шаруашылығымен тығыз байланысты. Өз қызметінің 20-дан астам жылын өлкенің экологиялық жағдайын жақсартуға арнады. Ол «По следам Правдухина», «Жайық-Урал» экспедициясының ұйымдастырушысы, қолдаушысы, әрі мүшесі. Экспедицияларға қатыса отырып, Жайық өзенінің мәселелерін шешуге атсалысты.

«Шырқаған жастық шақ» бард әндерін орындаушылардың облыстық фестивалінің анонсы

«Шырқаған жастық шақ» бард әндерін  орындаушылардың облыстық фестивалі 2019 жылдың  29-31  мамыр аралығында Орал қаласы, «Евразия» ТСК-де (Лагерь  көшесі  6) өтеді.
Мақсаты:  музыкалық – поэтикалық мәдениеттің ерекше құбылысы болып табылатын авторлық әндерді жастар арасында насихаттау, патриоттыққа және азаматтыққа тәрбиелеу.
Жарысқа аудан мен Орал қаласынан командалары қатыса алады. Қатысушылардың жас ерекшелігі: 10–18 жас.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"