«Ашық аспан астындағы музей-қала» жарысының қорытындысы туралы ақпарат

Білім басқарамасының 2019 жылдың 24 қыркүйегіндегі №638 бұйрығына сәйкес, Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығыда 2019 жылдың 25-27 қыркүйек аралығында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша облыстық «Ашық аспан астындағы музей-қала» тақырыбында экскурсиялық бағдарлау жарысы өтті.
Бұл жарыс оқушылардың интеллектуалдық, шығармашылық, танымдық қасиеттерін арттыру, Орал қаласының тарихи-мәдени мұраларымен таныстыру, ата-бабаларымыздың ерліктері арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылды.

Экскурсиялық бағдарлау жарысы  Орал қаласының орталық көшесі –  Н.Назарбаев даңғылында өтті. Жарысқа Батыс Қазақстан облысы аудандарынан   барлығы 44 қатысушыны қамтыған 11 команда қатынасты. Сырым және Жәнібек ауданының командалары қатыспады.

Жарыс барысында қатысушылар «тілсіз» карта арқылы Орал қаласында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштерді  тауып бағдарлап, тест сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, оқушылар «Туған жерім-мақтанышым» атты бейнероликтерін, «Орал-Қазақстанның көне қаласы» презентациясын қорғап, бақтарын сынады. Шараның қазылар алқасы Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің  мамандары: Өтесов М.М., Анатева Т.М. «Балалар туризмінің тарихы» музейінің жетекшісі ҚР Мәдениет Саласының Үздігі Атаньязова Г.Е. Жарыс қорытындысы бойынша:
«Орал-Қазақстанның көне қаласы» презентация қорғау байқауы:
І орын – Казталов ауданы, жетекшісі Кайсагалиева Р.Ж.
ІІ орын – Тасқала ауданы, жетекшісі  Дарменова Б.Т.
ІІІ орын – «Атамекен» ҚБЖТжЭО, жетекшісі Куркембаева Н.Ж.
«Туған жерім-мақтанышым» атты бейнеролик байқауы:
І орын – Казталов ауданы, жетекшісі Кайсагалиева Р.Ж.
ІІ орын – Тасқала ауданы, жетекшісі  Дарменова Б.Т.
ІІІ орын – Қаратөбе ауданы, жетекшісі  Габдуллин Е.Т.
Экскурсиялық бағдарлау
І орын – «Атамекен» ҚБЖТжЭО, жетекшісі Куркембаева Н.Ж.
ІІ орын – Ақжайық ауданы, жетекшісі  Игазиева А.М.
ІІІ орын – Казталов ауданы, жетекшісі Кайсагалиева Р.Ж.
Жалпыкомандалық орын
І орын – Казталов ауданы, жетекшісі Кайсагалиева Р.Ж.
ІІ орын – Тасқала ауданы, жетекшісі  Дарменова Б.Т.
ІІІ орын – Ақжайық ауданы, жетекшісі  Игазиева А.М.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"