Білім басқармасының 2019 жылдың 21 мамырдағы №337 бұйрығының негізінде 2019 жылдың 19-21 маусым аралығында Бөкей ордасы ауданы Сайхын ауылында велосипед туризмі техникасынан облыстық «Күміс шабақ-2019» жарысы өткізілді. Жарысқа Орал қаласы, Жаңақала, Сырым, Тасқала, Қаратөбе аудандарының командаларынан басқа 9 команда (45 қатысушы) қатысты. Төрешілер құрамы Бөрлі, Ақжайық, Казталов аудандары командаларының дайындықтары жоғары деңгейде екендігін атап көрсетті. Велосипед туризмі техникасынан өткен жарыс шеңберінде Сайхын -Орда – Қарасу – Бисен – Бөрлі - Искра - Новая Казанка - Жаңақала маршруты бойынша 312 километрден астам І қиындық категориялы вело жорық өтуде. Жорық Бөкей Ордасы-Искра-Жаңақала ауданы аймақтарын қамтиды.
Толығырақ...