"Ашық аспан астындағы музей -қала" жарысының анонсы

Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы 2019 жылдың 25-27 қыркүйек аралығында оқушылар арасында "Ашық аспан астындағы музей -қала" тақырыбында облыстық экскурсиялық бағдарлау бойынша жарысын өткізеді.
Мақсаты: оқушылардың интеллектуалдық, шығармашылық, танымдық қабілеттерін арттыру, Орал қаласының тарихи-мәдени мұраларымен таныстыру, ата-бабаларымыздың ерліктерін насихаттау, оқушыларға патриоттық тәрбие беру
Жарыс қатысушылары 14-16 жас аралығындағы БҚО аудандарының оқушылары болып табылады.

Бағдарлама

25 қыркүйек
16.00 - Командалардың келуі, орналасуы
16.30-17.00-мандат комиссиясының отырысы (жетекшілерге), тіркелу
17.00-18.30 – «Туған жерім-мақтанышым» атты бейнеролик жарысы
20.00-21.00- «Кешкі Орал» танымдық экскурсиясы
26 қыркүйек
10.00 - жарыстың салтанатты ашылуы
11.30-14.00- Экскурсиялық бағдарлау (Старт – С.Датұлы ескерткіші – финиш –Жеңіс алаңы)
15.00–18.30 – «Орал-Қазақстанның көне қаласы» презентациясын қорғау.
18.30 – 19.00 – Балалар туризмінің тарихы музейіне экскурсия
20.00-21.00 – би кеші
27 қыркүйек
09.30 – жарыстың салтанатты жабылуы
10.30 - командалардың қайтуы.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"