Оқушылардың «Балалар даму академиясы» іздестіру-зерттеу конференциясы

2019 жылдың 8 қарашасында "Еуразия" ТОК базасында "Балалар Даму Академиясы"оқушылардың облыстық іздеу-зерттеу конференциясы өтеді. Аталған іс-шараның мақсаты-қазақстандық патриотизм мен жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру.

Конференцияға туристік-өлкетану және туристік-экологиялық экспедициялардың қатысушылары, 7-11 сынып оқушылары, «Балалар Даму Академиясы» іздестіру - зерттеу конференциясының 2 кезеңінің жеңімпаздары қатысады. Команда құрамы: 6-7 оқушы + 1 жетекші. Экспедициялық жасақтардың облыстық слеті үш кезеңде өткізіледі.

Конференцияның салтанатты ашылуы 7 қараша күні сағат 10.00 – де "Еуразия"туристік-сауықтыру кешенінің аумағында өтеді. Марапаттау рәсімі 8 қараша күні сағат 10:00-де өтеді. Барлық қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тілейміз!!!

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"