«Кітапхана рухани жолында»

Бүгінгі таңда кітапхана халыққа білім нұрын себетін ең күрделі ақпарат орындарының бірі.

Кітапхана – ғылым мен білімді,көркем ой құндылықтарын ұрпақтан-ұрпаққа тарататын киелі орын болып әрқашан саналуда.Осы орайда ОБЖТжЭОрталығы кітапханасында оқырманды кітапханаға тарту мақсатында  орталықтың педагогтары және үйірме мүшелерінің  қатынасуларымен «Кітапхана рухани жолында:оқырман кітап оқы!» атты ашық есік күні өткізілді.

Ең алдымен кітапхана ішіне саяхат  кітап қоры саласы  мен  кітап көрмелерге шолу жасалудан бастау алып  және көрмеге байланыстырған  библио сұрақтар қойылды  сонымен қатар кітап оқу адамның білімін,ой-өрісін, тіл-байлығын дамытатындығын және  оқуға міндетті кітаптар туралы кітапханамен әрдайым байланыста болу керектігі туралы кітапханашы түсінік берді соңынан ашық есік күніне келген  педагогтар жақсы әсер алғандарын айтып өздеріне қажетті әдеби кітаптар жаздырып алды. Үйірме мүшелері «Ертегілер елінде» сериясы бойынша шығарылған ертегі кітаптар  оқып түсінгендерін айтты.  Кітапхана өз оқырмандарының рухани құндылығын мол етіп тәрбиелеумен бірге танымдық, білімділік қасиеттерін дамытары анық.

 

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"