«Менің Отаным -Қазақстан» туристік экспедиция жасақтарының республикалық слетінің қорытындысы

2019 жылың 16-22 қыркүйек аралығында Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Қатаркөл селосы, «Звездный» лагерінде өткен «Менің Отаным -Қазақстан» туристік экспедиция жасақтарының республикалық слетіне Батыс Қазақстан облысының құрама командасы қатысып, 17 команданың ішінен жалпы командалық есеп бойынша жүлделі 1 орынды иеленді.

Слеттің мақсаты: балалар мен жастарда азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау.

Команда құрамына кірген Майданов Нұрлан, Мақсотов Махамбет, Сисенбаев Темірлан (Ақжайық ауданы) , Асылбекова Камила, Буранбаева Жаңылсын, Ибрагим Бақтияр, Тажимурадов Бақтыбай (Бәйтерек  ауданы), Әділгерей Артур  (ОБЖТжЭО -ның үйірмешісі) туристік-өлкетанулық, экологиялық бағыттары бойынша іздестіру –зерттеу жұмыстарын қорғап, туристік кросс- жорыққа қатысты.  Қорытындысы бойынша: «Команданың визит картоскасы» байқауы бойынша - 1 орын, «Туған өлке соқпақтары» - 4 орын,  «Экологиялық есеп беру» - 1 орын, «Экологиялық соқпақ» - 2 орын, «Біріктірілген туризм»  бағыты бойынша  7  орындарға ие болды.
Жетекшілері: А.С. Бекешов, М.Ж. Тлегенов, Р.С. Альмуханова.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"