"Спорт-денсаулық, спорт-ойын, спорт-Әкем, анам, мен"

«Евразия» ТСК-де 24-26  қыркүйек аралығында  2019 жылы отбасы күніне орай "Спорт-денсаулық, спорт-ойын, спорт-Әкем, анам, мен" жарысының облыстық кезеңі өтті.
Жарыстың мақсаты: Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата-анамен бала арасында спорт мәдениетін кең тарату. Спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

Жарысқа   5 команда (25 қатысушы) қатысты.Олар Бәйтерек, Жанғала, Казталов, Жәнібек аудандары және Орал қаласы. Отбасылық сайысқа 4(әкесі,анасы,баласы,қызы) адамнан қатыстырылды.
Ереже бойынша қатысушылар келесі кезеңдерден өз дайындықтарын көрсетті: « Командаларды таныстыру»; «Көңілді старт»; «Туристік кедергілер жолағынан өту»; «Спорттық бағдарлау».

Жүлделі  командалық жалпы есеп баллдық шкаламен есептеліп келесідей орындарға жайғасты:
I орын –  Жәнібек ауданы, «Рамазановтар отбасы»;
II орын – Жаңақала ауданы, «Жалмухановтар отбасы»;
III орын –Казталов ауданы, «Жусуповтар обасы».

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"