2019 жылдың 23 қарашасында Бәйтерек ауданының Январцев ауылдық округі оқушылары Орал қаласына біркүндік танымдық эскурсиясында болды. Туристік топқа «Орал – Қазақстанның көне қаласы» танымдық экскурсиясы Орал қаласы бойынша ұйымдастырылды.
2019 жылдың 23 қарашасында Бәйтерек ауданының Январцев ауылдық округі оқушылары Орал қаласына біркүндік танымдық эскурсиясында болды. Туристік топқа «Орал – Қазақстанның көне қаласы» танымдық экскурсиясы Орал қаласы бойынша ұйымдастырылды.
Облыстық білім басқармасының бұйрығына сәйкес мектеп лига жарыстарының волейбол кезеңін қорытындыланды.
Жарыстың мақсаты: Оқушыларды дене шынықтыру және спорт жүйесі сабақтарына назарын аударту, дарынды жас спортшыларды анықтау, салауатты өмір салтын насихаттау, мектеп оқушылары арасындағы спорттық ойын түрлерін дамыту.
Орал қаласында 2019 жылдың 10-12 қарашасында өткен Халықаралық «Қосымша білім беру жағдайында балалар-жасөспірімдер туризмін жүзеге асырудағы кластерлік тәсіл» форумына (келесіде: форум) Қазақстан Республикасының Нұр-сұлтан, Атырау, Алматы, Қызылорда, Павлодар, Ақтау қалалары мен Түркістан облысынан және Ресей мемлекетінің Москва, Орынбор, Симферополь қалалары мен Татарстан Республикасынан келген ғалымдар, қосымша білім беру мекемелерінің басшылары мен педагогтары қатысты.
2019 жылдың 11 қараша күні Халықаралық «Қосымша білім беру жағдайында балалар-жасөспірімдер туризмін жүзеге асырудағы кластерлік тәсіл» форумының аясында «Киіз үйге саяхат» шеберлік сыныбы өтті.
Өткізілетін уақыты: 11-12 қараша 2019 жыл, Орал қаласы.
Ұйымдастырушылар:
2019 жылдың 6-8 қараша аралығында «Евразия» туристік- сауықтыру кешенінде «Балалар Даму Академиясы» іздестіру - зертеу конференциясы өткізілді.
ТСК"Евразия" және ТЛ "Самал"-да күзгі демалыс кезінде БҚО Бөрлі және Жәнібек аудандарынан келген балалардың қызықты әрі көңілді екі күндік және үш күндік қызықты демалыстары өткізілді.Біздің педагогикалық құрамымыз екі күндік және үш күндік демалыс бағдарламасын әзірлеп, ұйымдастырды.
2019 жылдың 28 – 30 қазан аралығында Ақтөбе қаласының №23 орта мектебінің оқушылары Орал қаласында үшкүндік танымдық эскурсиясында болды. Келген қонақтар Облыстық балалар мен жасөспірімдердің туризм және экология орталығының ыңғайлы да жайлы «Бивуак» ТЭК-да орналастырылды.
Казталов ауданы Сарыөзен жағасында 2019 жылдың 27-29 қазан аралығында «Достық өзені – река дружбы» экологиялық экспедициясы өткізілді. Бұл экспедицияның мақсаты белсенді өмірлік көзқарасы бар жеке тұлғаны және экологиялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Экспедицияға 9 аудан, 45 қатысушы қатысты. Жаңақала, Сырым, Қаратөбе аудандары мен Орал қаласы қатысқан жоқ. Экспедиция қатысушылары бағдарламаны толығымен орындады. Оқушылар бағдарламаның барлығына белсенді қатысты.
Батыс Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы қазан айының 27-29 аралығында Казталов ауданы Сарыөзен жағасында «Достық өзені - река дружбы» атты оқушылардың облыстық экологиялық экспедициясы өтеді.
Ұлт көшбасшысы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын ұсынған болатын. Басғдарламаның басты мақсаты – өскелең ұрпақты туған жердің тарихын білуге, өлкетану жұмыстарын жүргізуге және ең бастысы отансүйгіштікке тәрбиелеу. Осы бағдарламада айқылған міндеттерді басшылыққа ала отырып Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы 2018-2019 оқу жылында 600 дей оқушыларға 20 –дан аса 1 күндік және көпкүндік экскурсиялар ұйымдастырды.
2019 жылдың 15 қыркүйегінен бастап облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының үйірмелерінде 5 бағыт бойынша оқушылармен сабақ өткізілуде. Олар: туризм, өлкетану, спорттық бағдарлау, экологиялық туризм және спорт.