"Жас құтқарушылар" жарысының облыстық кезенінің қорытынды ақпараты

«Самал» ТЛ-де 8-10  қазан аралығында  2019 жылы ОБЖТжЭ орталығы ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД бірлесе отырып "Жас құтқарушылар" жарысының облыстық кезеңін өткізді.

Жарыстың мақсаты: Мектеп оқушыларын жан-жақты дамыту мен табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға дайындау.

Жарысқа   8 команда (76 қатысушы) қатысты. Олар Теректі, Жанғала, Тасқала, Сырым, Бөрлі, Қаратөбе, Шыңғырлау аудандары және Орал қаласы. Командалар жалпы саны 10 адамнан құралды. Оның ішінде 13 пен 17 жас аралығындағы  7 оқушы, команда жетекшісі, жаттықтырушы және тәрбиешісі қатысты.

Ереже бойынша қатысушылар келесі кезеңдерден өз дайындықтарын көрсетті: «Командаларды таныстыру»; «Қабырға газеті»; «Табиғи орта жағдайындағы іздеу-құтқару жұмыстары», «Өрт сөндіру эстафетасы»;  «Алғашқы медициналық көмек көрсету»; «Су айдынындағы іздеу-құтқару жұмыстары» қашықтығы; «Техногендік апат кезіндегі авариялық-құтқару жұмыстары» қашықтығы.

Жалпы командалық жалпы есеп бойынша:
I орын –  Қаратөбе ауданы;
II орын – Сырым ауданы;
III орын –Бөрлі ауданы.
«Командаларды таныстыру» байқауы бойынша:
1 орын – Сырым  ауданы
2 орын – Бөрлі ауданы
3 орын – Орал қаласы
«Қабырға газеті» байқауы бойынша:
1 орын – Теректі ауданы
2 орын – Жаңақала ауданы
3 орын – Қаратөбе ауданы
«Өрт сөндіру эстафетасы»  жарысы бойынша:
1 орын – Сырым ауданы
2 орын – Шыңғырлау ауданы
3 орын – Теректі ауданы
«Техногендік апат кезіндегі авариялық-құтқару жұмыстары» қашықтығы бойынша:
1 орын – Каратөбе ауданы
2 орын – Сырым ауданы
3 орын – Орал қаласы
«Табиғи орта жағдайындағы іздеу-құтқару жұмыстары»  қашықтығы бойынша:
1 орын – Қаратөбе ауданы
2 орын – Теректі ауданы
3 орын – Бөрлі ауданы
«Су айдынындағы іздеу-құтқару жұмыстары» қашықтығы бойынша:
1 орын – Қаратөбе ауданы
2 орын – Жангала ауданы;
3 орын – Сырым ауданы
«Алғашқы медициналық көмек көрсету» байқауы бойынша:
1 орын – Қаратөбе ауданы
2 орын – Жанғала ауданы
3 орын – Бөрлі ауданы Жалпы командалық есеп бойынша жеңімпаз командаларды облыстық білім басқармасының дипломымен  және ҚР ІІМ ТЖК БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің  бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"