Алғашқы жастар ойындары «Birinshi Jastar Oiyndary» («JastarSportFest»)

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы, Мектеп спорт федерациясы және Батыс-Қазақстан облысы білім басқармасының Аймақтық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 18-22 қыркүйек күндері Орал қаласында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында«JastarSportFest» әлеуметтік жобасы бойынша «Birinshi Jastar Oiyndary» финалына іріктеу кезеңі өткізілді.

Бағдарлама бойынша 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдер мен қыздар арасында жеңіл атлетика, футзал, волейбол, тоғызқұмалақ және әскери-қолданбалы спорт түрлерінен 150-ден астам оқушылардың қатысуымен жарыстар өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша спорт түрлері жалпы командалық біріншілікте жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды:
футзалдан (ұлдар):
1 орын – Жаңакала ауданының орта мектебі;
2 орын –  №44 орта мектебі;
3 орын – №1 орта мектебі;
3 орын – Білім-инновация мектеп-лицей.
волейбол (қыздар):
1 орын – Ақсай қаласы №4 орта мектебі;
2 орын – №19 орта мектебі;
3 орын –Казталов ауданының мектеп-лицей;
3 орын –№6 орта мектебі.
Спорт түрлері бойынша жекелей біріншілікте жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
әскери-қолданбалы спорт (ұлдар):
14-15 жас:
1 орын – Қожахметов Абылай, Қаратөбе орта мектебі;
2 орын – Балағаз Бекарыс, Круглозерная орта мектебі;
3 орын –Кульжанов Мирлан, №32 орта мектебі;
16-17 жас:
1 орын –Баймбет Айбек, Қаратөбе орта мектебі;
2 орын –Досжанов Назар, Круглозерная орта мектебі;
3 орын – Драный Сергей, №32 орта мектебі.
тоғызқұмалақ (ұлдар):
1 орын - Жортабай Бекарыс;
2 орын –Нұрғазіл Әбілмансұр;
3 орын –Салхай Таир;
3 орын –Кенжеғалиев Жандыбек.
тоғызқұмалақ (қыздар):
1 орын –Жоламан Нұрбақыт;
2 орын –Мағзумова Аяжан;
3 орын – Бауыржанқызы Ақгул;
3 орын – Мамонова Фариза.
жеңіл атлетика:
бір орыннан ұзындыққа секіру (ұлдар):
1 орын – Е. Серик, №32 орта мектебі;
2 орын – Е. Сальников, №6 орта мектебі;
3 орын – Э. Шаймардан, №44 орта мектебі;
3 орын – П. Турыбрин, №39 орта мектебі.
60 метрге жүгіру (қыздар):
1 орын – А. Сидоровнина, №3 орта мектебі;
2 орын – Д. Немолочнова, №39 орта мектебі;
3 орын – А. Алимжанова, №44 орта мектебі;
3 орын – А. Григорьева, №24 орта мектебі.
100 метрге жүгіру (ұлдар):
1 орын – С. Драный, №32 орта мектебі;
2 орын – А. Спиркин, №3 орта мектебі;
3 орын – Н. Ержанов, №42 орта мектебі;
3 орын – Н. Утепқалиев, №6 орта мектебі.
Жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұйымдастырушылары атынан грамота, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Іріктеу жарыс жеңімпаздары 2019 жылдың 14-27 қазан аралығында Ақмола облысы Шучинск қаласында өтетін Бірінші жастар ойындарында Батыс-Қазақстан облысының намысын қорғайтын болады.

 

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"