Экологиялық туризм

Экологиялық туризм туризм түрлерінің бірі болып табылады, негізгі табиғат аймақтарын сақтау, қоршаған ортаның теңгерімін БҰЗБАЙ  жауапкершілікпен саяхат жасау, табиғатты қорғауға деген ұқыптылық, Адамның Табиғатпен өзара әрекетіндегі қоршаған ортаға зиянсыздық болып табылады.

 

 

 

БӨЛІМНІҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН МАҚСАТТАРЫ:
1. Жеке тұлғаның ақыл-ойының, рухани, адамгершілік, шығармашылық,  физикалық  мүмкіндіктерінің жан-жақты дамуына қолайлы жағдай туғызу.
2. Жеке тұлға, қоғам мен мемлекет мүддесін, танымын және шығармашылығын дамыту, қосымша білім беру бағдарламаларын және қызметтерін жүзеге асыру;
3. Қосымша білім беру деңгейін қоғам дамуының қазіргі заман талабына сәйкес келетіндей етіп қамтамасыз ету.
4. Оқушыларды табиғатқа, ауыл шаруашылығына  деген терең қызығушылыққа тәрбиелеу, тәжірибе және зерттеу жұмыс икемділіктеріне дағдыландыру.
Жыл сайын бөлім төмендегідей облыстық шараларды өткізеді:
1) Облыстық «Жайық  - Урал» туристік-экологиялық экспедициясы;
2) Спорттық орнитология бойынша «Батыс - Бердинг» облыстық ашық чемпионаты;
3) БҚО жас геологтар слеті;
4) «Орал өңірінің кіші өзендері» экологиялық-өлкетану экспедициясы;
5) «БҚО табиғат ескерткіштері» экологиялық экспедициясы;
6) «Жайық-Урал» туристік-экологиялық экспедициясы су жорығы жетекшілерінің облыстық семинары;
7) БҚО жас геологтар үйірме жетекшілерінің облыстық семинары.
Балаларды туған өлкесінің табиғатына деген сүйіспеншілікке және табиғат теңгерімін сақтау қатынасы мәдениеті  деңгейін  көтеруде ОБЖТжЭО-да тәжірибелі педагогтар жұмыс жасайды. Үйірмеде барлығы 170 оқушы изотуристік, экологиялық, өлкетану-экологиялық, туристік-экологиялық, геологиялық, ландшафт дизайны және т.б. бағыттар бойынша айналысады.
Үйірме жұмыстарының бағыттары:
Изотуристік үйірме туристік-өлкетану қызметі және көркемсурет өнері арқылы балаларды қоғамдағы өмірге бейімдеу.
Экологиялық үйірме оқушылардың бойында экологиялық білімді, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және оларды табиғатты қорғау қызметіне тартуға бағытталған.
Өлкетану – экологиялық үйірме балалардың экологиялық-өлкетану білімдерін кеңейтеді, зерттеу жұмыстары дағдыларына үйретеді.
Геологиялық үйірме геология, петрография және минералогия бойынша білім негіздерін береді, балаларды пайдалы қазбаларды барлау және іздеудің қарапайым әдістерімен таныстырады.
Ландшафт дизайны  – ландшафт дизайнының ережесі бойынша  гүлзарлардың, аулалардың эстетикалық, мәдени безендірілу технологиясын жасауға, дизайнның негізгі заңдылықтарын зерттеуге бағытталған.
Бөлім жұмысының тиімділігі ол, үйірме мүшелері жыл сайын халықаралық және республикалық байқауларда жеңімпаздар мен дипломанттар болып жоғары нәтижелер көрсетуінде, сонымен қатар практикада өзінің күші мен білімін шыңдайтын көктемгі-жазғы уақытта категориялық жорықтарға міндетті түрде қатысуы болып табылады.

 

 
 

 

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"