Әдістемелік жұмыс – бұл ғылым мен педагогикалық озат тәжірибе жетістіктеріне және оқу-тәрбие жұмысының нақтылы жағдайына сүйене жүргізілген, өзара байланысты іс-әрекеттер мен шаралар жүйесі, ол әрбір педагогтардың біліктілігін, кәсіби шеберлігін жан-жақты арттыруға бағытталған шаралар, педагогикалық ұжымның ілімдік мүмкіндік шамасын дамыту және арттыру, сайып келгенде, оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру.
Оқытушылардың кәсіби шеберлігін шындап, жоғары деңгейге жетуін қамтамасыз ету мақсатында жұмыс жасайды. Әдістемелік жұмысты жүзеге асыру үшін келесі тапсырмалар орындалады:
Әдiстемелiк жұмыстың негiзгi бағыттары
• озат педагогикалық тәжiрибенi зерттеу, қорыту, хабарлау;
• педагогикалық семинар, практикум, конференцияларды қамтамасыздандыру;
• әдiстемелiк көрмелер (презентациялар) өткiзу;
• жалпы және жеке психологтік-педагогикалық, дидактикалық және басқа сұрақтар бойынша топтық және жеке кеңестер ұйымдастыру;
• тақырыптық, мерзiмдiк баспаларды, сонымен қатар бiлiм беру мен тәрбиелеу қызметi түрлерi бойынша ең жақсы әдiстемелiк зерттемелердi жинақтау мен жүйелеу;
• әдiстемелiк нұсқауларды енгiзу мен олармен қолдану бойынша жұмысты ұйымдастыру;
• әдiстемелiк кеңестi ұйымдастыру;
• оқытушылардың өз бетiнше бiлiм алуына көмек көрсету;
• өзіндік танымдық-шығармашылық қабілеттерін арттыру.
• әдістемелік жұмыстың формаларын жаңаландыру
Әдістемелік жұмыстардың түрлері:
1.Эксперименттік жұмыс және ғылыми зерттеулер:
• Инновациялық технологиялар мен жобаларды енгізу.
• Заманауи ғылыми-техникалық бағытта зерттеу жүргізу.
• Ғылыми- тәжірибелік конференцияларға, семинарларға қатысу.
2. Әдістемелік құжаттарды дайындау:
• Мамандықтар бойынша жұмыс бағдарламалары
• Ашық сабақтар мен іс-шаралардың жинақтары.
• Әдістемелік оқу құралдарының, электрондық оқу құралдарының жинақтары.
3. Оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыру:
• Біліктілік арттыру курстары
• Мәселелі семинарлар
• Педагогикалық оқылымдар
• Жеке кеңестер беру
• Ашық сабақтар мен іс-шаралар
• Тәлімгер мектебі
4. Озық тәжірибені тарату:
• Педагогтарды аттестаттау
• Зертттеу рәсімдерінің қортындысы (доклад, журнал статьялары, көрнекі материалдар)
• Педагог мамандарды ақпараттық-коммуникациялық технологияны өз қызметтеріне енгізуге байланысты ұйымдастыру жүйесін жасақтау
• Шебер-кластар