Казталов ауданының мектеп музейлері

Облыстық «Әр білім мекемесінде-музей!» акциясы аясында Казталов ауданында музейлер жұмысы жандануда. Жалпы ауданда 12 мектеп музейі бар.   2019 жылы Казталов ауданынында ОБЖТжЭО-ның  қызметкерлері іссапармен  болып, С. Есетов атындағы ОЖББМ-нің «Руханият» тарихи-өлкетану, Бостандық ОЖББМ –нің  Бостандық тарихи-өлкетану, М.Жүнісов атындағы НЖББМ –нің «Асыл мұра», Ғ.Молдашев атындағы ОЖББМ-нің «Рухани ұлағат» педагогикалық – өлкетану, К.Мендалиев атындағы ОЖББМ-нің «Тарихи өлкетану» жанындағы мектеп музейлерінің қызметімен танысты.

Мектеп  музейлері  ауыл тұрғындары және демеушілердің көмегімен қайта жасақталған. Музейлерге әдістемелік көмек көрсетіліп, музей жұмысы жөнінде ұсыныс-пікірлер берілді.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"