ХХХ-шы облыстық «Жайық-Урал» туристік-экологиялық экспедициясы
25 маусым күні Бөрлі ауданы Жарсуат ауылында ХХХ-шы облыстық «Жайық-Урал» туристік-экологиялық экспедициясының ашылу салтанаты өткізілді. Экспедиция жасөспірімдердің жергілікті аймақты зерттеп білуі, экологиялық жағдайларға баға беру, өз туған өлкесінің патриотын тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылып отыр. 1 кезеңі 25 маусымда Жарсуат елді мекенінен басталып, 30 маусым күні Төңкеріс ауылында аяқталады.


