«Алғашқы алау»

 

Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының жоспарына сәйкес, аталмыш жылдың 28 қыркүйегінде  «Самал» туристік лагерінде  үйірмешілер арасында «Алғашқы алау» туристік шарасы ұйымдасытылды.
Шараның мақсаты:қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау, қатысушылардың спорттық, техникалық және тактикалық дағдыларын жетілдіру. Шараға ОБЖТжЭО-ң 49 үйірме (400)оқушы қатысты. Оқушылар шара барысында облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығындағы әр бөлім бойынша  жалпы атқарылатын жұмыстардың мазмұнымен танысты.

Жоспар бойынша оқушылар қауіпсіздік ережелерімен және сақтық, тазалық шараларымен таныстырылған соң, туристік орталықтың барлық бөлімдерінің жұмыстары қамтыла отырып көптеген қызықты жарыстармен ұйымдастырылды. Атап айтар болсақ: спорттық бағдарлау бөлімі «Спорттық бағдарлаудың әліппесі»,  туризм бөлімі  - «Туризм әліппесі», өлкетану бөлімі-«Музей-Киіз үй» экскурсия, экология бөлімі - «Өз терегіңді отырғыз!» акция және  спорт және дене шынықтыру бөлімі  - «Спорттық ұлттық ойындар».

Сонымен қатар жас туристтер «Шаған өзені»  жағалауында балық аулап, қайықпен серуендеп,  үйірме жетекшілерінің қадағалауымен далалық жағдайда түскі ас дайындады.Одан әрі тамаша табиғат аясында естелік фото суретке түсті. Нәтижесінде оқушылар табиғат аясында шынығып, күнделікті қаланың тынымсыз тірлігінен демалып туризммен шынығудың мәнін түсінді. «Алғашқы алау» шарасынан оқушылар жақсы әсер алды.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"