Орал қаласының табиғаты көркем, ең жасыл желекті аумағының Деркөл өзенінің жағалауында орналасқан бұрынғы «Дружба» лагерін 2023 жылы «Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология облыстық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны өз есебіне алып, «Евразия» туристік кешенін ашты.
Туристік кешенде 8-6-4 орындық жатын бөлмелермен қамтылған жайлы екіқабатты 5 ғимараты бар. Барлық ғимараттарында жылу жүйесі, салқын және ыстық су жүйелері орнатылған. Бес мезгіл сапалы тамақтанатын 120 орындық жабдықталған асхана жұмыс жасайды. Ауласында жазғы шатырлар мен сахна, футбол, волейбол, ойын алаңдары, кітапхана, медициналық пункті, шағын жорыққа арналған жер, алау орны, қайық және шаңғы базалары, жағажай (қысқы мезгілде сырғанақ, мұз айдыны, шаңғы трассасы салынады) бар. Күзгі, қысқы, көктемгі каникул кездерінде 3-5 күндік демалыс лагері жұмыс жасайды. Жазғы демалыс кезінде бір ауысымда 10 күндік толықтырылған бағдарламамен 200-ге жуық баланы қабылдайды.
«Евразия» туристік кешенінде балалардың жазғы демалысын тиімді, көңілді, қызықты, әрі белсенді ұйымдастыру мақсатында жоспарға сай бағдарлама құрылып, 7 профилдік ауысымдар өткізіледі. Бағдарламада: жаяу жорықтар мен бір күндік жорықтарға шығу, мұражайларға және шағын хайуанаттар бағына экскурсиялар, зияткерлік және танымдық іс-шаралар, спорттық жарыстар, көңілді старт ойындарын ұйымдастыру және жабдықталған жағажайда нұсқаушылардың бақылауымен суда жүзу, кешкі би кештерін өткізеді.
Мекенжайымыз: БҚО, Орал қ. Лагерная көшесі 6
e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.