Туристік көпсайыс бойынша ҚР Кубогы финалдың қортыңдысы туралы ақпарат

2019 жылдың  3-14 қазан аралығында Түркістан облысы Машат шатқалында Қазақстан Республикасы туристік көпсайысы Кубогінің соңғы кезеңі өткізілді. Батыс Қазақстан облысынан жас ерекшелігі бойынша «Балалар», «Жасөспірімдер» және  «Ересектер» командалары қатысты. Жарысқа жалпы саны 23 команда қатысты, атап айтқанда 5 ересек команда, 9 жасөспірімдер командасы, 9 балалар командасы. Жарысқа қатысушылар өздерінің қабілеттерін аталған қашықтықтарда  көрсетті: құтқару жұмыстары, табиғи рельефте ілулі өткел, эстафета, слалом және триал.

Командалық есепте  барлық  қашықтықтардың нәтижелері бойынша БҚО үш командасы да 1-орынға ие болды.

Жылдық қорытынды бойынша жекелей есепте: «Балалар» тобында Нариман Нұрбұлан – 1 орын, Героев Еділ – 2 орын; «Жасөспірімдер» тобы -Неталиев Карим – 1 орын; «Ересектер» тобы бойынша Нигметов Ерлан – 2 орын иеленді.

Командалардың мүшелерін жоғары дәрежеде дайындағаны үшін ОБЖТжЭО, Ақжайық, Бөрлі, Жәнібек және Теректі аудандарындағы қосымша білім беру педагогтарына, сондай-ақ облыстық құраманың топ жетекшілері К.Е.Неталиева және У.Халеновқа  алғысымызды білдіреміз.

Жылдық үздіксіз жұмыстанудың нәтижесінде қол жеткізген бұл жеңісімізді Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры Виктор Павлович Фоминді еске алуға арнаймыз.

 

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"