«Еуразия» туристік-сауықтыру кешені мен «Самал» туристік лагерінің базасында жазғы маусым ресми түрде ашылды. Балалар Батыс Қазақстан облысынан және Атырау қаласынан келді. Алғашқы күні психолог балалардың бір-бірімен емін-еркін араласу мақсатында топтарға тренинг өткізді. Педагогтар, нұсқаушылар ойындар, жарыстар және робототехника бойынша мастер-класс өткізді. Нұсқаушылардың басшылығымен балалар Шалқар көліне бір күндік саяхат жасады, және екі күндік «Еуразия» -«Самал» маршруты бойынша жорыққа аттанды. Жалпы алғанда, бағдарлама балалардың көңілінен шығуда! Және оларды одан да көп нәрсе күтуде!