2010 ж.т. қыздар арасындағы облыстық «Былғары доп» турнирі

10-12 маусым   аралығында  Орал қ.  «Жастар»  стадионында  футболдан 2010 ж.т.  қыздар  арасында облыстық «Былғары доп» турнирі өтті.
Турнирге 4 команда, соның ішінде 3 аудан (Ақжайық, Бөкей Ордасы Теректі,)  Орал қ. (№ 9 ЖОББМ), жалпы 38  жас футболшылар қатысты.
Турнир облыстық білім, дене шынықтыру және спорт басқармаларының, БҚО футбол қауымдастығы және БҚО әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.

Жалпы командалық есептегі нәтиже:
1 орын – Ақжайық ауданы (Бітік МБК)
2 орын – Бөкей Ордасы ауданы (Қ.Сағырбаев  атындағы ЖОББМ)
3 орын – Орал қаласы (№9 ЖОББМ)
Жарыс нәтижесі бойынша жас былғары доп шеберлері төмендегідей номинациялар бойынша марапатталды:
1.«Үздік сұрмерген» – Самиғолла Ақниет (Ақжайық ауданы Бітік МБК)
2.«Үздік қақпашы» – Болат Гүлнұр (Бөкей Ордасы ауданы Қ.Сағырбаев  атындағы ЖОББМ)
3.«Үздік шабуылдаушы» – Курунова Анастасия (Орал қаласы №9 ЖОББМ) 4.«Үздік қорғаушы» – Қадеш Аружан (Теректі ауданы Шаған ЖОББМ)
5.«Үздік ойыншы» – Кияненко Елизавета (Орал қаласы №9 ЖОББМ)
6.«Үздік бапкер» – Жалилов Жанат (Ақжайық ауданы Бітік МБК) Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры Виктор Павлович Фомин турнирдің жеңімпазы атанған Ақжайық ауданы Бітік МБК құрама командасының әрбір қатысушысына спорттық киім мен «Евразия» ТСК 6-ауысымына жолдамалар сыйға тартылатынын мәлімдеді. Сонымен бірге, қатысушы болған қалған командалар «Самал» ТЛ  6 ауысымына 50% көлемінде жеңілдік жасалатынын қоса айтты. Ақжайық ауданы Бітік МБК командасы ағымдағы жылдың шілде айында өтетін «Былғары доп» турнирінің республикалық кезеңіне қатысады.
«Соса-cola Almaty Bottlers» компаниясы қатысушыларды газдалған сусындармен қамтамасыз етті.

 

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"