Облыстық білім басқармасының 2019 жылғы 25 сәуірдегі №285 бұйрығына сәйкес, 2019 жылдың 14–17 мамыр аралығында кәсіптік, техникалық колледж оқушылары арасында жаяу туризм техникасы бойынша Республикалық «Алтын балдақ – Золотой альпеншток» жарысы өтті.
Жарысқа 8 команда (64 қатысушы) қатысты. Төрешілер алқасы Бөрлі коледжі, Сервис және жаңа технологиялар колледжі, Тасқала колледжі командаларының жоғары деңгейдегі дайындықпен келгендерін атап өтті.
Жарыс бағдарламасына сәйкес «Үздік командалық таныстырылым», «Жорық туралы есеп», «Үздік аспаз», «Көпті көрген турист», «Туристік тұрмыс және дағды» байқауларымен, «Өткелдер», «Байлам», «Жеке», «Техникалық», «Спорттық бағдарлау» қашықтықтары ұйымдастырылды. Сайысқа түскен командалар ауа-райының ыстығына қарамастан қашықтықтың соңына дейін бар білгендерін, үйренгендерін көрсетті.
Жалпы командалық есепте:
I орын – Бөрлі колледжі командасы (Утемуратов Мурат Жолтаевич);
II орын – Сервис және жаңа технологиялар колледжінің командасы (Джексенова Ельмира Сабитовна);
III орын – Тасқала колледжі командасы
(Дуйсенгалиев Данияр Каиргалиевич).
Жарыс жеңімпаздарын құттықтаймыз!!!
Өкінішке орай кейбір колледждер қатары туристік-өлкетану қызметі жеке дамудың қуатты құралы, оқушыларды өз туған жерін, табиғи байлығын, мәдениеті мен тарихын белсенді білуге бағыттайтын кешенді құралы екенін түсінбейді. Сонымен қатар, әр түрлі жұмыс әдістерін қамтиды. Уәде етілгендей, біз бұл тізімді жариялай отырып, жас ұрпақты тәрбиелеудегі ынтымақтастыққа келеміз деген үміттенеміз.
Жарысқа қатыспаған колледждер тізімі:
1. Батыс Қазақстан индустриалды колледжі (Масалимов Али Хайдарұлы);
2. Орал Болашақ көпсалалы колледжі (Төлегенова Бақыт Құрманғалиқызы);
3. Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі (Алимбеков Серік Ахметұлы);
4. А.Иманов атындағы жол-көлік колледжі (м.а Джантулина Марал Төлеуғалиқызы);
5. Батыс Қазақстан инженерлік-экономикалық колледжі (Құдайбергенова Эльнара Болатқызы);
6. Құрманғазы атындағы саз колледжі (Сертеков Нұржан Орынғалиұлы);
7. Еуразия индустриалдық-экономикалық колледжі (Еслямов Руслан Сейлханович);
8. Экономика және ақпараттық технологиялар колледжі (Хайруллина Гүльжан Бақытқызы);
9. Жоғары техникалық мектебі (Умирбаева Сайра Киікбайқызы);
10. Батыс Қазақстан медициналық колледжі (Ирменов Камидолла Мутякуллявич);
11. Мақсат медициналық колледжі (Трушкова Марина Ивановна);
12. Ж.Досмұхамедов атындағы жоғарғы педагогикалық колледжі (Бахишева Светлана Меңдіғалиқызы);
13. Орал гуманитарлық-техникалық колледжі (Утарбаева Лаззат Жидебаевна);
14. Шыңғырлау колледжі (Жұмағұлов Серікбай Ермекұлы);
15. Жаңақала колледжі (Жардемалиев Серік Жүсіпбекұлы);
16. Теректі колледжі (Газизов Мұратқали Газизович);
17. Жалпақтал колледжі (Есмағұлов Мағауия Сансызбайұлы);
18. Бөкей Ордасы колледжі (Лұқпанов Бағдат Сейтұлы);
19. Ақсай технологиялық колледжі (Дияров Мирболат Мұрадымұлы);
20. Қаратөбе колледжі (Салахадин Маулен Аманшаұлы);
21. Сырым колледжі (Берсебаев Санат Даленұлы);
22. Рубежка колледжі (Сапаргалиев Мират Махмудұлы)
23. Зеленов колледжі (Қажымұратов Дархан Тилекбаевич);
24. Тайпақ колледжі (Кашимов Малик Закариевич);
25. Жәнібек колледжі (Ихсанов Берік Қабделұлы).
Мемлекет басшысы оқу үрдісінде білім беру компонентін нығайтуға, қазақстандық мәдениеттің, жалпыұлттық құндылықтардың жаңа серпінін жасауға, «Мәңгілік Ел» бағдарламасымен жүзеге асырылатын жаңа қазақстандық патриотизмнің идеологиялық негізіне айналатын жергілікті тарихты дамытуға баса назар аударады.
Қазіргі заманғы қосымша білім беру толыққанды жалпы білімнің қажетті құрамдас бөлігі болып табылады, ол әлеуметтік тәрбие ретінде талап етіледі, білім беруді біріктіруге, баланың жеке тұлғасын оқытуға және дамытуға шектелген.