Оқушылар арасында «Менің Отаным Қазақстан» экспедицицясы шеңберінде туристік көпсайыстан облыстық «Қарлығаш» туриадасы жаяу туризмі техникасын дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, тәжірибе алмасу мақсатында, 2019 жылдың 10-14 маусым аралығында Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылында «Шұғыла» туристік лагерінде өткізіледі.
Команда құрамы: 5 қатысушы +1 өкіл. Жарысқа 14-18 жас аралығындағы (2001-2005жж) ұл-қыздар қатыса алады.
Жарыстың бағдарламасына енгізілген қашықтықтар:
• «Кросс-жорық» қашықтығы;
• «Техникалық» қашықтық;
• «Жеке» қашықтық
• «Өткелдер» қашықтығы
• «Су туризмі техникасы» қашықтығы
• Морзе әліппесі
• Конкурстық бағдарлама: туристік «Көңілді тапқырлар клубы», «Туристік тұрмыс және дағды» байқауы, «Жорық туралы есеп» байқауы, «Ыстық тағамдар» байқауы, «Туристік фотосуреттер (жарыс кезіндегі)» байқауы.
Жарыстың ашылу салтанаты 10 маусым 19:00.