1-4 маусым аралығында Орал қ. «Жастар» стадионында футболдан 2009 ж.т. қыздар арасында облыстық «Былғары доп» турнирі өтті.
Турнирге 4 команда, соның ішінде 3 аудан (Теректі,Бөкей Орда,Ақжайық), Орал қ. (№21 ЖОББМ) , жалпы 40 жас футболшылар қатысты.
Турнир облыстық білім, дене шынықтыру және спорт басқармаларының, БҚО футбол қауымдастығы және БҚО әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.
Жалпы командалық есептегі нәтиже:
1 орын – Орал қаласы(№21 ЖОББМ)
2 орын –Теректі ауданы(Шаған ЖОББМ)
3 орын – Бөкей Орда ауданы(Қ.Сағырбаев атындағы ЖОББМ)
Жарыс нәтижесі бойынша жас былғары доп шеберлері келесі номинациялармен марапатталды:
1.«Үздік қақпашы» –Теміржанқызы Айшабибі (Ақжайық ауданы, Бітік ЖОББМ)
2.«Үздік сұрмерген» –Суюнгараева Аружан(Орал қаласы ,№21 ЖОББМ)
3.«Үздік ойыншы» –Темірболат Айнара(Теректі ауданы ,Шаған ЖОББМ)
4.«Үздік шабуылшы» -Кужахметова Адина(Орал қаласы ,№21 ЖОББМ)
5.«Үздік қорғаушы» – Жұмағұл Радмира (Бөкей Орда ауданы, Қ.Сағырбаев атындағы ЖОББМ)
6.«Үздік бапкер» –Сағатова Алтынай (Орал қаласы ,№21 ЖОББМ)
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!