2019 жылдың 29-31мамыр аралығында Жастар жылы аясында «Шырқаған жастық шақ» бард әндерін орындаушылардың облыстық фестивалі өтті.
Фестивальдің мақсаты: бард әндері жанрын дамыту, авторлық әндерді насихаттау, сананың ашықтығына тәрбиелеу, оқушылардың бойында патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Фестивальге 13 команда 78 қатысушы қатысты. Оның ішінде: 12 аудан, 1 колледж (Орал ақпараттық технологиялар колледжі). Тасқала ауданының командасы фестивальге қатыспады.
Фестиваль 3 жас ерекшелігі (10-12 жас, 13-15 жас,16-18 жас) бойынша өтіп, оқушылар «Автор», «Ансамбль», «Бардтық және туристік әндерді орындаушы», «Орындаушы» номинациялары бойынша бақ сынасты.
Шараның қазылар алқасы М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-нің және Құрманғазы атындағы саз колледжінің оқытушылары, облыстық филармонияның, жастар мәдениет сарайының мамандары:Ж. Ғайсағалиев, М. Сарбөпеев, Қ. Едиров, М. Амирхан, М.Сарбупиев, Е. Ларцева, А.Шукеев, О.Хибашев қазылар алқасының құрамында жас таланттардың шығармашылығын саралады. Жаскелең Орынбасарұлының бастауымен жоғарыда аталған өнер майталмандары жасөспірімдерге кәсіби біліктіліктерін көрсетіп, шеберлік сыныбын ұсынды.
Фестиваль қорытындысы:
10-12 жас ерекшелігінен:
«Гитарамен ән орындаушы» номинация бойынша:
1 орын– Шагирова Эльза (Жәнібек ауданы);
2 орын - Жанатов Ерасыл (Жаңақала ауданы);
3 орын– Гумаров Шерхан (Бәйтерек ауданы);
«Ансамбль» номинациясы бойынша:
1 орын– «Элита» ансамблі (Жәнібек ауданы);
2 орын – «Бәйтерек» ансамблі (Бәйтерек ауданы);
3 орын– «Гитара сазы»ансамблі (Бөрлі ауданы);
13-15 жас ерекшелігінен:
«Бардтық және туристік әндерді орындаушы» номинациясы бойынша:
1 орын– Штрафметова Мария (Орал қаласы);
2 орын – Сармина Полина (Бәйтерек ауданы);
3 орын– Байтеков Әділ (Сырым ауданы);
«Автор» номинациясы бойынша
1 орын – Мұғалімов Нұрлыбек (Бәйтерек ауданы);
2 орын – Искакова Сымбат (Жәнібек ауданы);
3 орын– Хойшина Алия (Казталов ауданы);
«Ансамбль» номинациясы бойынша
1 орын– «Алые паруса» ансамблі (Шыңғырлау ауданы);
2 орын – «Альтаир» ансамблі(Жәнібек ауданы);
3 орын– «Жігіттер» ансамблі (Бәйтерек ауданы );
16-18 жас ерекшелігінен
«Бардтық және туристік әндерді орындаушы» номинациясы бойынша
1 орын– Хамзина Айшат (Жәнібек ауданы);
2 орын – Мухитов Мансур (Бәйтерек ауданы);
3 орын – Дайыров Айдарбек (Жаңақала ауданы);
«Автор» номинациясы бойынша
1 орын– Мухитов Мансур (Бәйтерек ауданы);
2 орын – Хамзина Айшат (Жәнібек ауданы);
3 орын– Талапов Бүркіт (Ақжайық ауданы);
«Ансамбль» номинациясы бойынша
1 орын– «Мечта» ансамблі (Бәйтерек ауданы)
2 орын – «Арай» ансамблі (Жәнібек ауданы)
3 орын– «Диверс» ансамблі (Орал ақпараттық коледжі)
Фестиваль 3 жас ерекшелігі бойынша оқушылардың жұмысы бағаланып I, II, III дәрежелі дипломдармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар фестивальдің құрметті қонағы, «Меркурий» ЖШС-ның директоры Сариев Дархан Сүндетқалиұлының демеушілік жасады. Арнайы сыйлықтың иегерлері: Менгалиев Ернур (Бөкейордасы ауданы), Талапов Бүркіт (Ақжайық ауданы), Мусаева Гаухар (Шыңғырлау ауданы).
Шара облыстық «AQJAIYQ» телеарнасының «Молодежь Life» телебағдарламасына арнайы тақырып ретінде түсіріліп және аталмыш телеарнаның жаңалықтарында көрсетілді.