Облыстық «Өз өлкеңді танып біл!» туристік-өлкетанулық, экологиялық экспедициясының қорытындысы

Орталық үйірмешілерінің қатысуымен  2019 жылдың 5-7 маусым күндері «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы және Білім басқармасының және Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдердің туризм және экология облыстық орталығы жоспарына сәйкес облыстық «Өз өлкеңді танып біл!» туристік - өлкетанулық экспедициясы жүргізілді. Экспедицияға орталық үйірмешілері, Бәйтерек аудандық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының және Тасқала жас туристер станциясының оқушылары қатысты.  Экспедицияға қатысушылар Шұғыла лагері жанында далалық жағдайда орналасты.

Экспедицияның мақсаты: жас ұрпақты азаматтыққа және патриоттыққа тәрбиелеу,  өз тарихына деген мақтаныш сезімін ұялатып, өлкетану ісіне баулу - тарихын танып білу, рухани-мәдени мұраларды сақтау, туған жеріміздің көрікті орындарымен танысу және көпшілік мектеп туризмін дамыту мақсатында ұйымдастырылды.
Экспедиция Орал қаласы – Переметное ауылы – Зеленый ауылы–  Егіндібұлақ ауылы –Тасқала селосы –Достық ауылы – Ешкі тау Мемлекеттік табиғат ескерткіші  –  Амангелді ауылы–Ақтау ауылы – Ынтымақ ауылы –Бірлік ауылы – Тасқала ауылы –Мерей ауылы маршрутымен өтті.        
Экспедицияның бірінші күні Бәйтерек ауданының аумағында Переметное ауылының табиғи ерекшеліктерімен және мәдени ескерткіштерімен таныстық. Соның ішінде: Бәйтерек аудандық балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығының балалар туризмі тарихы музейіне, ауыл саябақтарына  экскурсия, Егіндібұлақ ауылының тарихымен және табиғи ерекшелігімен таныстық.   
Тасқала ауданында  оқушыларға жолсерік болып, Бірлік ауылының географиялық ерекшелігімен, өсімдік жамылғысын ардагер ұстаз  Н.В.Вологин таныстырса, Бірлік ОЖББМ-ның географы С.И. Хайруллина  ауыл тарихына шолу жасады.
Жоспаланған маршрут бойынша Достық (Семиглавый мар) ауылында орналасқан ескі кірпіш зауытымен, Әулие ата бейітінің және темір жол  бекетінің ғимаратының тарихымен таныстық.  Аталмыш ауылдың тұрғыны,         жауынгерлік даңқ орденінің үш дүркін  толық иегері М.М. Шамовтың қызы  Куглина Галина Михайловнамен кездесіп, әкесі туралы естеліктер жазып алдық.
Тасқала өлкесінің інжу – маржаны Үлкен Ешкітау, Үлкен және кіші үңгірге жаяу жорық жасалып, Бірлік ауылы аумағында қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан «Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институтының» Астана қ. филиалының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты
Т.Б. Мамировпен, археолог А.Бисенбаев және БҚМУ-нің тарих факультетінің студенттерімен сұхбаттастық. Сонымен қатар Амангелді ОЖББМ-нің өлкетанулық мектеп музейінде оқушылары кездесу өткізілді. Ақтау ауылында қасиетті  Ақбұлақ жанында  ауылдың ақсақалдарымен, ауыл әкімі, мәдениет қызметкерлері оқушыларға ақ ұсынып, құшақ жая қарсы алды. Ауылдың көнекөз қариялары ауыл тарихы және Ақбұлақтың тарихымен таныстырып өтіп, ауылына арнаған өлең жолдарын оқыды.
Экспедициямыздың жалғасы (07.06.19) Мерей ауылының орта мектебінің әскери – патриоттық музейінде жалғасты. Музей жетекшісі  С.В.Лапшин іздестіру – зерттеу отрядының жұмыстарының нәтижесінде табылған соғыс жәдігерлерімен таныстырды.
Оқушылар үш күндік экспедиция барысында Тасқала ауданының тарихымен,табиғи және мәдени ескерткіштерімен толық танысты. Үйірме оқушылары экспедицияның арнайы тапсырмалары бойынша жұмыстанып, жинақтаған материалдарынан қорытынды жасап, іздестіру-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Алдағы уақытта бұл жұмыстар облыстық, республикалық байқауларға материалдар ретінде пайданылады. Туған жерді зертеу, ел байлығы мен табиғаты, дәстүр, тарихи ескерткіштер және т.б. ұлттық құндылықтар  жастардың патриоттық сезімін ұялатады.   
Экспедицияны жүзіге асыру мақсатында бірлесіп, жұмыстанған Тасқала аудандық жас туристер станциясына алғысымызды білдіреміз.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"