Білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 18–20 қараша күндері Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспiрiмдер туризм және экология облыстық орталығының ұйымдастыруымен VІ облыстық «Туған жер-алтын бесік» өлкетану олимпиадасы қашықтан өткізілді. Олимпиадаға 12 аудан және Орал қаласынан барлығы 39 қатысушы қатысты. Қазылар алқасы Бәйтерек, Казталов, Теректі аудандарының жақсы дайындықтарын атап өтті.


