Ағымдағы жылдың 27 қыркүйек күні Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған Қазақстан оқушыларының Х жазғы гимназиядасының бағдарламасы шеңберінде, мектеп оқушылары арасында, онлайн форматта тоғызқұмалақтан республикалық жарыс өткізілді.
Ағымдағы жылдың 27 қыркүйек күні Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған Қазақстан оқушыларының Х жазғы гимназиядасының бағдарламасы шеңберінде, мектеп оқушылары арасында, онлайн форматта тоғызқұмалақтан республикалық жарыс өткізілді.
2020 жылдың 25 қыркүйек күні ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен Қазақстанның Х жазғы Гимназиядасының бағдарламасында 2005 жылы туған және одан кіші ұлдар мен қыздар арасында киокушинкай-кан каратэден «Ката» шеберлігі бойынша онлайн форматта жарыс оздырылды. Жарысқа облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының қолдауымен облыс атынан 15 қатысушыдан құралған команда қатыстырылды. Жарыс нәтижесінде оқушылар облыс қанжығасына 4 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль байлады.
2020 жылы 28-30 қыркүйек аралығында «Менің Отаным - Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слеті өткізілді. Слетті Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша қашықтық форматында өткізді.
Білім басқармасының жұмыс жоспарына сай 2020 жылдың 25 қыркүйек күні облыстық «Жайық алаңы» қашықтан зерттеу марафоны өткізілді.
Марафонның мақсаты: білім алушылардың ғылыми ойлау және зерттеу қабілеттерін дамыту, өзінің ауылын, қаласының көше тарихын білетін, өз өлкесін ерекше сүйетін ұрпақ өсіру. Слетке 12 аудан және Орал қаласынан барлығы - 48 оқушы қатысты.
2020 жылдың 21-26 қыркүйегі аралығында дүниежүзілік туризм күні қарсаңында облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы ашық есік күнін өткізеді.
23 қыркүйекте туризм және маршруттық қауіпсіздік бөлімінің жұмысымен танысу өтті.
2020 жылдың 22 қыркүйегінде БҚО әкімдігі білім басқармасының Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы Дүниежүзілік туризм күніне орай «Ашық есік» күні аясында оқушыларға экологиялық экскурсия өткізді. Экскурсия барысында БҚО-ң тамаша өсімдік және жануарлар әлемін, көлдің айдынын және облыс мәртебесіндегі маңызы бар «Садов көлінің» бірегей табиғат ескерткіштерін сақтау мақсатында ұйымдастырылған экскурсияға барды.
Білім басқармасының жұмыс жоспарына сай 2020 жылдың 15 қыркүйектегі № 492 бұйрығына сәйкес, 2020 жылы 18-21 қыркүйек аралығында «Менің Отаным - Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың облыстық слеті өткізілді.
Халықаралық туризм күніне арналған «Европа-Азия» туристік Фестивалі білім қызметкерлері арасында туризмге деген қызығушылығын арттыру, педагогтардың туристік және кәсіптік шеберліктерін шыңдау, салауатты өмір салтын насихаттау және озық тәжірибе жинақтау мақсатында, 2020 жылдың 28-29 қыркүйек күндері аралығында өткізіледі.
2020 жылдың 10-11 қыркүйек күндері аралығында облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен отбасылықспорттық туризмін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және ата-аналармен жұмыстарын белсендіру мақсатында отбасылық «Әкем, анам және мен – туристік отбасы» онлайн байқауы өткізілді.
2020 жылдың 14 қыркүйегінде БҚО әкімдігі білім басқармасының Батыс Қазақстан балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының экологиялық туризм бөлімі мекеме қызметкерлері арасында табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бойынша экологиялық-ағарту жұмыстарын жүргізді. Акцияның мақсаты: ұйымда экологиялық мәдениетті дамыту, табиғи ресурстарды (қағаз, су, электр) үнемдеу.
Облыстық отбасылық «Әкем, анам және мен – туристік отбасы» онлайн байқауы отбасылықспорттық туризмін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және ата-аналармен жұмыстарын белсендіру мақсатында, 2020 жылдың 10-11 қыркүйек күндері аралығында өткізіледі.