2020 жылдың 25 қыркүйек күні ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен Қазақстанның Х жазғы Гимназиядасының бағдарламасында 2005 жылы туған және одан кіші ұлдар мен қыздар арасында киокушинкай-кан каратэден «Ката» шеберлігі бойынша онлайн форматта жарыс оздырылды. Жарысқа облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының қолдауымен облыс атынан 15 қатысушыдан құралған команда қатыстырылды. Жарыс нәтижесінде оқушылар облыс қанжығасына 4 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль байлады.