Білім басқармасының 2020 жылғы 11 қарашадағы №615 бұйрығына сайкес ағымдағы жылдың 18-19 қараша күндері тау туризмі техникасынан академик Т.Қ. Жездібаевты еске алуға арналған облыстық жарысы қашықтан өткізілді.
Жарысқа 11 аудан және Орал қаласынан барлығы 48 қатысушы қатысты. Қазылар алқасы Ақжайық, Бәйтерек, Бөрлі аудандарының жақсы дайындықтарын атап өтті. Жарысқа Қаратөбе ауданы қатысқан жоқ.
Мақсаты: оқушылардың туристік-спорттық шеберліктерін шыңдау, салауатты өмір салтын насихаттау, тау туризмі техникасын дамыту.
Нәтижелері жарыстың «Жеке» қашықтығы бойынша ұлдар, қыздар арасында және «Техникалық» қашықтығы бойынша бөлек саналды, және жалпы сынақта 4 қатысушының уақыттарының қосындысымен шығарылды. Қашықтық бойынша үш жүлделі орын тағайындалды.
«Жеке» қашықтығы бойынша ұлдар арасында жеңімпаздар:
1 орын – Героев Еділ (Ақжайық ауданы);
2 орын – Бисенов Райымбек (Жәнібек ауданы);
3 орын – Сисенбаев Темірлан (Ақжайық ауданы).
«Жеке» қашықтығы бойынша қыздар арасында жеңімпаздар:
1 орын – Амангельдиева Нургуль (Бөрлі ауданы);
2 орын – Кушербаева Дильназ (Теректі ауданы);
3 орын – Тусип Сымбат (Ақжайық ауданы).
«Техникалық» қашықтығы бойынша жеңімпаздар:
1 орын – Ақжайық ауданының командасы;
2 орын – Бәйтерек ауданының командасы;
3 орын – Жәнібек ауданының командасы.
Жалпы командалық сынақ бойынша жеңімпаздар:
1 орын – Ақжайық ауданының командасы;
2 орын – Бәйтерек ауданының командасы;
3 орын – Бөрлі ауданының командасы.
Жүлдегерлер облыстық білім басқармасының дипломдарымен, медальдарымен және кубогімен марапатталды.