Қашықтықтан "Бес асық", "Асық ату" үйірмелері жұмыс жасауда

Жаңа 2020-2021 оқу жылында, ОБЖТжЭО,  "Спорт және дене шынықтыру" бөлімінде оқушылардың ұлттық спорттық ойындарға қызығушылығын арттыру, ұлттық спорт ойындарын дамыту және карантин жағдайында бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында жаттықтырушы А.Мырзагерееваның жетекшілігімен қашықтықтан "Бес асық", "Асық ату" үйірмелері жұмыс жасауда.

«Ұлылардың ұлысы – Абай»

Ұлтымыздың ақыны, ойшыл тұлғасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында ОБЖТжЭОрталығының кітапханасында педагогтардың қатысуларымен қазақ халқының ардақ тұтқан бірегей ғұламаның шығармашылығын насихаттап дәріптеу мақсатында  «Ұлылардың ұлысы - Абай» атты педагогикалық оқу шарасы өткізілді.

"Айбын-2020" әскери - патриоттық жиын

Елімізде 23 қыркүйек- 19 қараша аралығында "Айбын-2020" әскери - патриоттық жиыны өтуде. Назарларыңызға жиынға қатысушы БҚО -ның "Жігер" әскери патриоттық клубының жасөспірімдерінен құралған команданың әскери-патриоттық әнін ұсынамыз!

Экологиялық туризм бөлімінің жұмысы туралы.

14 қазан күні экологиялық туризм бөлімінің меңгерушісі Н.Х.Гатауов Батыс Қазақстан академиялық колледжі «АТИСО» «Туризм» мамандығының 3 курс студенттерімен экологиялық туризм бөлімінің жұмысы мен шаралары бойынша кездесу өтті.

Қосымша білім беру педагогтарын далалық жорықтарға  дайындау семинар-машық

Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, балалармен туристік - өлкетану және экологиялық жұмыстын ұйымдастыратын педагог кадрлардың біліктілігін, шеберлігтерін арттыру және сапалы даярлау мақсатында 2020 жылдың 13-қазанында қосымша білім беру педагогтерін дала жорықтарына (велосипед жорығы) дайындау бойынша семинар-практикумы өткізілді.

Батыс Қазақстан облысында балалар туризмін дамытуға  үлес қосқан педагог В.Фоминді еске алуға арналған облыстық «Алтын дала» қашықтан күзгі туриадасының қорытынды ақпараты

Білім басқармасының жұмыс жоспарына сай,  2020 жылы 6-9 қазан аралығында Батыс Қазақстан облысында балалар туризмін дамытуға үлес қосқан педагог В.Фоминді еске алуға арналған облыстық «Алтын дала» қашықтан күзгі туриадасы өткізілді. Мақсаты: оқушылардың туристік-спорттық шеберліктерін шыңдау, салауатты өмір салтын насихаттау, жаяу туризм техникасын дамыту. 

"Қыздар футболы" секциясы өз жұмысын белсенді жүргізуде

2020-2021 оқу жылында "Спорт және дене шынықтыру" бөлімінде жаттықтырушы А.А Куденконың жетекшілігімен "Қыздар футболы" секциясы өз жұмысын белсенді жүргізуде. Секцияға өз қызығушылықтарын танытқан қыз балалар тартылып бүгінгі күнде барлық санитарлық  талаптарды сақтай отырып жасөспірімдерді салауатты өмір салтына тәрбиелеуде қарқынды жұмыстар атқарылуда.

Батыс Қазақстан облысында балалар туризмін дамытуға үлес қосқан педагог В.Фоминді еске алуға арналған облыстық «Алтын дала»  қашықтан күзгі туриадасына анонс

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы Батыс Қазақстан облысында балалар туризмін дамытуға үлес қосқан педагог В.Фоминді еске алуға арналған «Алтын дала»  қашықтан күзгі туриадасын өткізеді.

Тоғызқұмалақтан республикалық онлайн жарыс жеңімпаздарын құттықтаймыз!

Ағымдағы жылдың 27 қыркүйек күні Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған Қазақстан оқушыларының Х жазғы гимназиядасының бағдарламасы шеңберінде, мектеп оқушылары арасында, онлайн форматта тоғызқұмалақтан республикалық жарыс өткізілді.

Х жазғы оқушылар Гимназиядасының Киокушинкай-кан каратэден онлайн жарысы өтті.

 ​ ​ ​ ​ 2020 жылдың 25 қыркүйек күні ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен Қазақстанның Х жазғы Гимназиядасының бағдарламасында​ 2005 жылы туған және одан кіші ұлдар мен қыздар арасында киокушинкай-кан каратэден «Ката» шеберлігі бойынша онлайн форматта жарыс оздырылды. Жарысқа облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының қолдауымен облыс атынан 15 қатысушыдан құралған команда қатыстырылды. Жарыс нәтижесінде оқушылар облыс қанжығасына 4 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль байлады.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"