Тау туризмі техникасынан академик Т.Қ. Жездібаевты еске алуға арналған облыстық жарысын қашықтан өткізу ережесі

І. Жалпы ережелер

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы тау туризмі техникасынан академик Т.Қ. Жездібаевты еске алуға арналған облыстық жарысы қашықтан өткізіледі.

Өткізілетін уақыты: Облыстық деңгейде тау туризмі техникасынан жарыс ағымдағы жылдың 18-19 қараша күндері аралығында өтеді.

Тау туризмі техникасынан жарысына жалпы орта білім беретін мектептердің 6-10 сынып оқушылары, туризм орталығының үйірмешілері (жасы жарыс кезінде 13-16 жас (2004 – 2007ж.ж)) қатыса алады. Команда құрамасы 4 (3 ер бала + 1 қыз бала) қатысушыдан тұрады.

Ұйымдастырушы: Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы.

ІІ. Мақсаты мен міндеттері:

Мақсаты: оқушылардың туристік-спорттық шеберліктерін шыңдау, салауатты өмір салтын насихаттау, тау туризмі техникасын дамыту.

Міндеттері:

- көпшілік спорттық туризмді дамыту және насихаттау;

- спорттық, техникалық және тактикалық шеберліктерін көтеру;

- республикалық жарыстарға қатысатын облыс құрамасын анықтау;

- оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану.

IІІ. Өткізу шарттары

«Техникалық» қашықтығының кезеңдері:

1. Жасанды жартаспен көтерілу, өз жібімен белгілі әдіс қолдану арқылы түсу;

2. Жумар арқылы көтерілу, төменге қиғаш тартылған аспалы өткелмен өзін тежеу арқылы түсу;

3. Төрешілік қиғаш тартылған аспалы өткелмен көтерілу, өз жібімен түсу;

4. Төрешілік арқан арқылы өзін өзі құтқару әдісімен көтеру және түсу;

«Жеке» қашықтығының кезеңдері:

1-ші кезең

1. Жумармен 30 метр көтерілу, қиғаш тартылатын аспалы өткелдің бір шетін бекіту

2. Аспалы өткелмен 12 метр өту, өзі өтетін төменге бағытталған қиғаш аспалы өткелін тарту- 15 м

3. Қиғаш тартылған өткел бойынша тежеп түсу - 15 м

2-ші кезең

1. Жасанды жартаспен көтерілу

2. Өз жібі арқылы белгілі әдіспен түсу

Облыстық тау туризмі техникасынан жарысына қатысушы жарыстың өту барысынан әр кезең бойынша бейнеролиг жолдау қажет. Онлайн-жарыстың видеоматериалдары 17 қарашаға дейін аудандық туризм орталығының YouTube каналына жүктеледі.

Жарыс Facebook.com/groups/turizmzko/; #МОНРК#БІЛІМБАСҚАРМАСЫ, #БҚО #ТАУ ТУРИЗМ атты хештэгтерімен әлеуметтік – ақпараттық желілерінде жүктеліп отырады.

ІV. Қорытындылау

Нәтижелері жарыстың әр қашықтығы бойынша бөлек және жалпы сынақта қатысушылардың өткен уақытын қосу арқылы есептеледі. Қашықтықтар бойынша үш жүлделі орын тағайындалады.

Жүлдегерлер облыстық білім басқармасының дипломдарымен, кубоктарымен және медальдарымен марапатталады.

V. Қаржыландыру

Облыстық байқауды ұйымдастыру және сырттай өткізу шығындарын ОБЖТжЭО жүзеге асырады.

Мекен жайы: Облыстық балалар мен жасөспірімдердің туризмі және экология орталығы, Исатай батыр көшесі 71/1,

Координаторлар: Неталиева Камшат Едрисовна 8 777 424 64 99

Халенов Улан 8 747 499 87 47

Тел: 8 (7112) 52-59-42, факс: 52-58-87, туризм және қауіпсіздік маршруттар бөлімі, электронды почта Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Ұйымдастырушылар байқаудың өткізу шарттарына өзгеріс енгізуге құқылы.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"