Облыстық білім басқармасының жоспарына сәйкес 2020 жылдың 4-6 қараша кұндері аралығында облыстық оқушылар арасындағы «Жайық-Урал 2020» туристік-экологиялық экспедиция жасақтарының слеті қашықтық форматында өтті. Жарысты Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы ұйымдастырды.
Сайыс экологиялық мәдениетті дамыту және туризм, өлкетану және табиғатты қорғау қызметі арқылы экологиялық білімді жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды. Слетке облыс аудандарының 11 құрама командасы мен Орал қаласынан, барлығы 12 команда жасақтары қатынасты. Корытындысы бойынша орындар төмендегідей бөлінді:
1. "Орал-өңірінің жасыл желкені", "Өз ағашыңды-турист отырғыз", "Таза ауыл" экологиялық акцияларының нәтижелері бойынша бейнефильм және презентация қорғау:
1 орын - Бәйтерек ауданы;
2 орын - Сырым ауданы;
3 орын - Тасқала ауданы
2. Аудандық (қалалық) балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталықтарын абаттандыру бойынша бейнефильм байқауы (жас туристер станциясы):
1 орын - Бәйтерек ауданы
2 орын - Бөрлі ауданы
3 орын – Атамекен орталығы (Орал қ.)
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
#Білімбасқармасы #ТуризмЗКО#Қашықтаноқыту