Бүгін, 2020 жылдың 19 қарашасында «Ресей - Қазақстан шекаралас аймақтарында Жайық өзені салаларын сақтау» атты Халықаралық онлайн-конференция өтті. Конференцияны ұйымдастырушы Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы, Орыс географиялық қоғамының Орынбор облыстық бөлімшесі жанындағы Жастар клубы, Орынбор облысының үкіметі баяндама жасады.
Конференция жұмысына сонымен қатар, Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының, Ресей ғылым академиясының Орынбор қаласындағы Орал филиалының Дала институтының қызметкерлері, Ресей Федерациясының Орынбор облысының, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының белсенді экологтары, педагогтері, мектеп оқушылары қатысты.
Конференция жұмысының қорытындысы бойынша биылғы жылы Қазақстан Республикасымен шекаралас облыстарда, Орынборда Қазақстан-Ресей шекаралас аймағында Жайық өзендерінің салаларын сақтау бойынша ең үздік экологиялық тәжірибелер жинағы жарық көретінін атап өту маңызды.