YІ облыстық «Туған жер-алтын бесік» өлкетану олимпиадасы

YІ облыстық «Туған жер-алтын бесік»

өлкетану олимпиадасының

ЕРЕЖЕСІ

І. Жалпы ережелер

 1.1 Олимпиаданың мақсаты:

туған өлкенің табиғи және тарихи-мәдени мұраларын сақтау арқылы оқушыларды отансүйгіштікке, азаматтыққа тәрбиелеу, ой-өрісін кеңейту және өлкетанулық білімін көтеру.

1.2 Олимпиаданың міндеттері:

  • Білім алушылардың ғылыми ойлау және зерттеу қабілеттерін дамыту;
  • Тарих, география пәндері және өлкетану курстары бойынша қосымша білімдерін толықтыру.

1.3 Олимпиаданы  ұйымдастырушылар:

Олимпиаданы Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдердің туризм және экология орталығы мен Х.Есенжанов атындағы балалар - жасөспірімдер кітапханасы бірлесіп, қашықтан өткізеді.

1.3 Қатысушылары:  облыcтың  білім беру мекемелерінің 13-15 жас аралығындағы оқушылары қатысады. Жалпы саны: 3 оқушы.

 

ІІ. Олимпиаданың өту тәртібі

 2.1. Облыстық олимпиада ІІІ кезеңнен тұрады:

            І кезең– мектепшілік –қазан;

            ІІ кезең – аудандық (қалалық) –қараша;

            ІІІ кезең – облыстық – 18-20 қараша 2020 жылы.

Байқауға қатысу туралы өтініш, қатысушылардың және топ жетекшісінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, аудандық кезеңнің  хаттамасы. Олимпиаданың материалдары Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды поштасына 2020 жылдың 16 қарашасына дейін жіберілуі қажет.

2.2 Олимпиада  2 номинациядан тұрады:

    1. «Ескерткіштер ел тарихы» номинациясы. Оқушы өз өлкесіндегі тарихи нысандар, ескерткіштер туралы зерттеу жүргізіп, жобасын ұсынады.    Презентацияда тапсырманы орындаудағы фотолар, деректі материалдар, зерттелмеген тарихи материалдар болғаны жөн. Презентацияда  қойылатын талаптар: презентациядағы слайдтар саны 10-нан аспауы тиіс. Әрбір слайдтың тақырыбы, бейнелеуі (фото, сурет, сызба және т.б.) және қысқаша мәтін болуы тиіс. Жобада жұмыстың мақсаты, тақырыптың өзектілігін, қойылған мақсатқа жету әдістері, нәтижелердің ғылыми және практикалық құндылығы, жұмыстың қорытындысы және ұсынбасы болғаны жөн.
    2. Қорғау уақыты 5 минуттан артық емес. Жобаны қорғау қашықтық форматта 

ZOOM (онлайн) платформада 2020 жылғы 18 қарашада  сағат 15.00-17.00 - де өткізіледі.

      1. «Бәйге» номинациясы (өлкетанулық тест, тапсырмалар).
      2. Номинацияға 2 оқушы  қашықтан қатысады. Өлкетанулық тест-сұрақтар, тапсырмалар 30 сұрақтан тұрады. Әр дұрыс жауап 3 ұпай, ең жоғарғы ұпай – 90 ұпай.  Тапсырмалардың жалпы тақырыптары: тарихи, әдеби,  этнографиялық өлкетану т.б.  Тапсырмалар электронды почта арқылы немесе 

Google 

        формада жасақталып жіберіледі. 

Тестке жауап беру қашықтық форматта  ZOOM платформада 2020 жылғы 19 қарашада  сағат 10.00-11.00 - де өткізіледі.

 

ІІІ. Олимпиаданы қорытындылау

3.1. Олимпиаданың әр номинациясы бойынша үш жүлделі орын анықталады.Әрбір номинация жеке бағаланады және ең көп ұпай санымен орындар белгіленеді. Жалпы командалық есеп барлық бағыт бойынша алынған ұпай сандарының қосындысы арқылы есептеледі.

3.2. Жұмыстарды қазылар алқасы қорытындылайды. Қазылар алқасы шешімі өзгертілмейді және талқыланбайды.

3.3. Олимпиада жеңімпаздары БҚО білім басқармасының І,ІІ,ІІІ дәрежелі грамоталарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталады. Жеңімпаз команда жетекшілеріне алғыс хаттар беріледі.

Өтініш үлгісі: 

Номинация

Жұмыстың

аты

Қатысушының

Т.А.Ә.

Туған жылы,мектебі, сыныбы

Қатысу тілі

Білім беру мекемесі, жоба жетекшісі

Жетекшінің

байланыс

телефоны,

Эл поштасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 Мекен-жайымыз: 090004 БҚО, Орал қаласы, Исатай батыр көшесі 71/1, Облыстық балалар мен жасөспірімдер  туризм  және экология орталығы.

Тел: 8 (7112) 52-59-42, факс: 52-58-87,

өлкетану және аймақаралық ынтымақтастық   бөлімі,

электронды почта  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Координаторлар: Альмуханова Райгул Сағынәліқызы 8 776 900 48 00

                            Ескалиева Гульмира Талишевна     8 778 806 60 38

 

Ұйымдастырушылар ережеге өзгеріс енгізуге құқылы

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"