Ұлы Отан Соғысының 75 жылдығына арналған «Желбіре Жеңіс жалауы!» байқауы

Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы  «Ұлы Жеңістің 75 жылдығы» және «Еріктілер жылы» аясында «Желбіре Жеңіс жалауы!» байқауын өткізеді.

Мақсаты: Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысында ар мен намысты ту еткен батырлар рухына тағзым ету, Қазақстандықтардың ерен ерліктерін бағалай білу мақсатында жас ұрпақ бойына Отанға деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, азаматтыққа және әскери - патриоттық рухта тәрбиелеу.
Облыстық байқауға аудандық (қалалық) кезеңдерде үздік нәтижелер көрсеткен БҚО-ң аудандары мен Орал қаласының 7-10 сынып оқушылары қатысады.
Байқау 3 кезеңнен тұрады:

  • мектепшілік (қаңтар,ақпан);
  • аудандық (наурыз, сәуір);
  • облыстық (4-6 мамыр, 2020 ж)

Байқау бағдарламасы бойынша 3 бөлімнен тұрады:
I бөлім – «Менің ауылым – соғыс  жылдарында» (іздестіру – зерттеу жұмыстарын қорғау);
ІІ бөлім  – «Ардагерге құрмет-ұрпаққа міндет» (Челлендж);
III бөлім – «Жеңіс вальсі»  (театрландырылған көрініс).

Ұлы Отан Соғысының 75 жылдығына арналған «Желбіре Жеңіс жалауы!» байқауының ережесі

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"