Облыстық «Әр білім мекемесінде-музей!» акциясы

Білім беру мекемелеріндегі оқушыларды халқымыздың тарихымен таныстыру, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, патриоттыққа тәрбиелеуде мектеп музейлерінің орны ерекше. Елбасының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  білім беру мекемелеріндегі музейлерді ашуды қолдау мақсатында 2020 жылғы 13 қаңтардан бастап   «Әр білім мекемесінде-музей!» акциясы  жарияланады.

Барлық білім беру мекемелерінде (колледж, мектеп) музей ашып, музейлердің тақырыптық аясын кеңейтіп және сапасын арттыруға,  материалдар жинақтау мақсатында туристік-өлкетанулық  экспедицияларын  ұйымдастыруға  шақырамыз.
Акция жөнінде ақпаратты Батыс  Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспiрiмдер туризм және экология облыстық орталығынан Тел: 8(7112) 52-59-42, факс: 52-58-87, 8 776 900 48 00, 8 776 14830 24,  E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.), «Өлкетану және аймақаралық ынтымақтастық» бөлімінен алуға болады.

Облыстық «Әр білім мекемесінде – музей!» акциясының ережесі

 

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"