2020 жылдың 1 ақпан күні «Самал»ТЛ-де «Балықтарға ауа» акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында 30 – дан астам ойық ойылды. Шараға ерекше білімді қажет ететін үйірме оқушылары қатысты.
Акцияның мақсаты – мұз қатқан су айдындарында ауа жетіспеушілігінен болатын балық шығынының алдын алу. Іс-шара барысында балалар мұзда 30-ға жуық ойық ойды, турбазаның нұсқаушылары спорттық эстафеталар өткізді, үйірмешілер сырғанақтарда шаңғымен және конькимен сырғанады. Айта кету керек, аталған іс-шараның демеушісі тұрғын үй құрылыс банкі болды.
Мұндай акция биыл үшінші жыл өткізіліп отыр. Биылғы жылы ол «Еріктілер жылы» аясында өтті. Акцияға 50-ден астам адам қамтылды.