ОБЖТжЭО-ның 60 жылдығына арналған оқушылар арасындағы шаңғы туризм техникасынан облыстық «Ақшақар 2020» жарысының анонсы

Оқушылар арасындағы шаңғы туризм техникасынан  облыстық «Ақшақар 2020»  жарысы     шаңғы туризмі техникасын дамыту,  салауатты  өмір салтын насихаттау, тәжірибе алмасу мақсатында,  2020 жылдың  4-7  ақпан  аралығында Орал қаласы «Евразия» туристік-сауықтыру кешенінде өткізіледі. 

Шаңғы туризмі техникасы жарысына аудан, қала мектептерінің 8-11  сынып оқушыларынан құралған құрама командалар  қатыса алады.
Жарыс бағдарламасы:

  1. «Кросс-жорық» қашықтығы;
  2. «Жеке» қашықтығы;
  3. «Эстафета» қашықтығы;
  4. Байқаулар:
  • «Командалардың ең үздік қойылымы», Тақырыбы: ОБЖТжЭО-ның 60 жылдығы;
  • «Экспресс парақтар » байқауы;
  • «Қысқы балық аулау» байқауы;
  • «Тағамдар» байқауы;
  • «Қысқы жорық есебі» байқауы.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"