2020 жылдың 25 қыркүйек күні ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен Қазақстанның Х жазғы Гимназиядасының бағдарламасында 2005 жылы туған және одан кіші ұлдар мен қыздар арасында киокушинкай-кан каратэден «Ката» шеберлігі бойынша онлайн форматта жарыс оздырылды. Жарысқа облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының қолдауымен облыс атынан 15 қатысушыдан құралған команда қатыстырылды. Жарыс нәтижесінде оқушылар облыс қанжығасына 4 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль байлады.
Атап айтар болсақ:
І-орын:
Жомартов Искандер -12 жас
Гумар Нұрсезім – 6-7 жас
Машенова Айназ – 13 жас
Асылбекқызы Қарақат-11 жас
ІІ-орын:
Сармулдин Диас - 11 жас
Гасанова Адэлина – 6-7 жас
Нұраш Нұрәли – 6-7 жас
ІІІ-орын:
Сармулдин Амир - 6-7 жас
Құрманбай Аяулым – 8 жас
Гумаров Мирас- 10 жас
Складанюк Степан-13 жас
Облыс мәртебесін асқақтатқан жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!