2020 жылдың 22 қыркүйегінде БҚО әкімдігі білім басқармасының Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы Дүниежүзілік туризм күніне орай «Ашық есік» күні аясында оқушыларға экологиялық экскурсия өткізді. Экскурсия барысында БҚО-ң тамаша өсімдік және жануарлар әлемін, көлдің айдынын және облыс мәртебесіндегі маңызы бар «Садов көлінің» бірегей табиғат ескерткіштерін сақтау мақсатында ұйымдастырылған экскурсияға барды.
Сондай-ақ, Оралдағы Шаған өзені мен Садов көлінің жағалауы аралығында орналасқан С.И. Исаевты еске алуға арналған Халықаралық эксперименттік коллекциялық тәлімбаққа барды, оның басты міндеті - сұрыптық зерттеу және жергілікті күрт континенттік климат үшін сорттық-тамырлық комбинацияларды таңдау бойынша ғылыми жұмыс болып табылады. Бірақ қазірдің өзінде бақша коллекциясында тамаша – алма ағашының 200 түрі және телінген алма шыбықтарының 80-ге жуық түрі, барлығы 5 мың ағаш өсіп тұр.
- экологиялық туризм бөлімі