Халықаралық туризм күніне арналған «Европа-Азия» туристік Фестивалі білім қызметкерлері арасында туризмге деген қызығушылығын арттыру, педагогтардың туристік және кәсіптік шеберліктерін шыңдау, салауатты өмір салтын насихаттау және озық тәжірибе жинақтау мақсатында, 2020 жылдың 28-29 қыркүйек күндері аралығында өткізіледі.
Фестивальға ЖОО –ның мұғалімдері, колледждар, мектеп мұғалімдері, қосымша білім беру педагогтары, Орал қаласының, облыстық, республикалық және басқа аймақтардан білім беру қызметкерлері қатыса алады.
Фестиваль бағдарламасы:
- «Туристік-өлкетанулық фотосуреттер» номинациясы
- «Туристік тұрмыс және дағды» номинациясы
- «Бард әндері» номинациясы
- «Табиғат аясына бір күндік жорық» бейнеролик номинациясы
- «Бұқаралық ақпарат құралдарында туристік мақалалар» номинациясы.
- «Туризмнен онлайн сабақ» номинациясы;
«Европа-Азия» туристік Фестивалінің жұмыстары 2020 жылдың 28 қыркүйегіне дейін Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. почтасына жіберілуі тиіс. Педагогтар ұжымы өздері қалаған номинацияға қатысуға ерікті. Нәтижелері әр номинациясы бойынша бөлек қаралып шығарылады, жалпы командалық ұпай есептелмейди. Фестиваль бойынша үш жүлделі орын тағайындалады.
Жүлдегерлер облыстық білім басқармасының дипломдары және алғыс хаттарымен марапатталады