Облыстық отбасылық «Әкем, анам және мен – туристік отбасы» онлайн байқауына анонс

Облыстық отбасылық «Әкем, анам және мен – туристік отбасы» онлайн байқауы отбасылықспорттық туризмін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және ата-аналармен жұмыстарын белсендіру мақсатында, 2020 жылдың 10-11 қыркүйек күндері аралығында өткізіледі.

Байқауға облысымыздың барлық аудандары мен Орал қаласының белсенді отбасылары қатысады. Отбасында - 4 адам (әкесі, анасы, 2 бала немесе қыз), балалардың жас ерекшелігі 16 жастан аспауы тиіс.

Байқау бағдарламасы:

1. «Отбасылық фотосуреттер» байқауы;

2. «Туристік тұрмыс және дағды» байқауы;

3. «Бард әндері» байқауы;

4. «Табиғат аясына бір күндік отбасылық демалыс» бейнеролик байқауы

Нәтижелері байқаудың әр түрінен бөлек және жалпы сынақта жинаған ұпай мөлшеріне қарап шығарылады. Байқаулар бойынша үш жүлделі орын тағайындалады.

Жүлдегерлер облыстық білім басқармасының дипломдары, грамоталары, медальдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"