Шаңғымен бағдарлаудан ашық чемпионаты өткізілді

Шаңғымен бағдарлаудан Орал қаласының ашық чемпионаты 2022 жылдың 29-30 қаңтар аралығында Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің және Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.

Чемпионатқа облыс аудандары мен Орал қаласынан 68 қатысушысымен 5 команда қатысты. Чемпионат «Биатлонды бағдарлау», «спринт» қашықтықтарын қамтыды. Чемпионатқа 12, 14, 16 жастағы ұлдар мен қыздар қатысты.

Хаттамаларға сәйкес жалпыкомандалық орындар төмендегідей бөлінді:

I орын Теректі ауданының командасы

II орын Бәйтерек ауданының командасы

III орын Орал қаласының «Атамекен» командасы

Чемпионат барысында спортшылар спорттық бағдарлау бағыттарында белгіленген межеге тез жету, қойылған бақылау нүктелерін ереже бойынша бағындыруды меңгеру кезіндегі бәсекелестік қабілеттері арқылы жоғары нәтижеге жетті. Төрешілер алқасы командалардың спорттық бағдарлау деңгейінің өскендігін атап көрсетті. Чемпионат қашықтықтары «Орал» спорт клубы маңындағы орманды алқаптарда және «Евразия» ТСК аумағында ұйымдастырылды.

Чемпионат қорытындысы бойынша спортшылар I, II, III дәрежелі дипломдармен, кубоктармен марапатталды.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"