"Өзін-өзі дамытудың негізі ретінде педагогтардың шығармашылық ізденісі" тақырыбымен әдістемелік кеңесі өткізілді

2022 жылдың 19 қаңтар күні "Өзін-өзі дамытудың негізі ретінде педагогтардың шығармашылық ізденісі" тақырыбымен әдістемелік кеңесі өткізілді. Мақсаты: тәжірибелі педагогтар мен жас мамандардың жаңа технологияны қолдану жұмысымен танысу.

Кеңесте «Қазіргі білім кеңістігіндегі жаңашыл педагог» мәселесімен өлкетану бөлімінің ҚББП Ф.С. Сарсенгалиев «Мамандандырылған қосымша білім беру мекемелеріндегі педагогтардың өзін-өзі шығармашылықпен дамытуы», экологиялық туризм бөлімінің ҚББП А.Ж.Ажгалиева «Бөлме өсімдіктерін күтіп баптауды үйрену технологиясы», туризм бөлімінің ҚББП М.А. Нәсіпқалиев «Жасанды жартас залында спорттық шыңға өрмелеуді үйрену» тақырыбында теориялық және практикалық сабақтарын көрсетіп, іс-тәжірибемен бөлісті. Өлкетану бөлімінің меңгерушісі Р.С. Альмуханова облыстық оқушыларға арналған «Менің Отаным-Қазақстан» туристік-өлкетанулық экспедиция жасақтарының слеті ережесін ұсынып, таныстырды.

Кеңесте орталық педагогтары өз білімдерін жетілдіріп, практикалық шеберліктерін шыңдады.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"