Оқушылардың жетістіктері!

Қосымша білім беру педагогтері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған республикалық қашықтық байқауларына қатысты.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне  және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі  күніне орай ОБЖТжЭО үйірмешілері арасында «Менің Отаным – Қазақстан» мәнерлеп оқу байқауының  қорытынды АҚПАРАТ

2020 жылдың 14 желтоқсанындағы  ОБЖТ ж ЭО-нда №134 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті және ҚР Тәуелсіздігі күніне ОБЖТж ЭО-ы  жоспарына сай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне  және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне ОБЖТжЭО үйірмешілері арасында «Менің Отаным – Қазақстан»  мәнерлеп оқу байқауы қашықтан өткізілді.

Халықаралық ынтымақтастық

Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы мен «Коми Республикасының балалар қоғамдық бірлестіктерінің қауымдастығының» Өңірлік қоғамдық ұйымдарының бастамасымен "Достық көпірі" атты халықаралық жобаның ұйымдастырушылары мен қатысушыларына жұмыс кеңесі өткізілді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» онлайн-кеңесі

Қалыптастыруға бағытталған шаралар кешенін ұйымдастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қоғамында, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерінде мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін үйлестіру мақсатында ағымдағы жылдың 10 желтоқсанында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» онлайн-кеңесі өтті.

Колледж лигасы жарыстарының облыстық кезеңі өткізілуі туралы

2020   жылдың  2-4 желтоқсан күндері облыстық білім басқармасының қолдауымен облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының қашықтықтан ұйымдастыруымен колледж лигасы өткізілді. Жарыс тоғызқұмалақ, дойбы интелектуалды спорт түрлері бойынша ұйымдастырылып  барлығы 60 оқушы қатысты.

Халықаралық ынтымақтастық

26 қарашада БҚО әкімдігі білім басқармасының балалар  мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының үйірмелерінің оқушылары Беларусь Республикасының "Зубренок" Ұлттық балалар білім беру-сауықтыру орталығының "Пионер істер жолы" ауысымының қатысушыларымен онлайн-кездесуге қатысты.

Батыс Қазақстан облысының туристтері үшін басты жаңалық!!!

2020 ж қараша айының 27-жұлдызында ОБЖТжЭО-ның Қамқоршылық Кеңесі өз жұмысын бастады. Кеңес құрамына 11 адамнан құралған туризм жанашырлары топтасқан. Михно Валентина Павловна кеңес мүшелерінің бір ауыздан ұсынысы бойынша төрайым қызметіне сайланды. Хатшысы болып аталмыш мекеменің әдіскері Асангалиева Мадина Султаналиевна сайланды. Болашақта кеңестің игі істері мен жаңа бастамалары балалар туризмінің дамуына зор септігі тигізуіне өңір туристтері кәміл сенеді!

Онлайн сабақ

«Жас эколог» үйірмесінде 6 сыныптан 15 оқушы, «Табиғат» үйірмесінде 13 оқушы қосымша білім алуда. Онлайн сабақ  ватсап арқылы мәліметттер, тапсырмалар, бейнесабақтар жіберіп, пікір алмасу  арқылы жүзеге асуда.

Батыс Қазақстан облыстық балалар – жасөспірімдер туризмі және экология орталығы  «Жасыл кеңсе 2020» республикалық конкурсының жеңімпазы!

20 қарашада Нұр – Сұлтан қаласында «Жасыл кеңсе 2020» республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының және ЕҚЫҰ-ның  Нұр – Сұлтан қаласындағы және Орталық Азиядағы КӘЖ бағдарламалық кеңсесінің қолдауымен конкурсты ұйымдастырушылар «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы».

 VІ облыстық «Туған жер-алтын бесік» өлкетану олимпиадасының жеңімпаздарын құттықтаймыз!!!

Білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 18–20 қараша күндері  Батыс  Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспiрiмдер туризм және экология облыстық орталығының ұйымдастыруымен  VІ облыстық «Туған жер-алтын бесік» өлкетану олимпиадасы қашықтан өткізілді. Олимпиадаға 12 аудан және Орал қаласынан барлығы 39 қатысушы қатысты. Қазылар алқасы Бәйтерек, Казталов, Теректі аудандарының жақсы дайындықтарын атап өтті.

Тау туризмі техникасынан академик Т.Қ. Жездібаевты еске алуға арналған облыстық қашықтан өткен жарысының  қорытынды ақпараты

Білім басқармасының 2020 жылғы 11 қарашадағы №615 бұйрығына сайкес ағымдағы жылдың 18-19 қараша күндері тау туризмі техникасынан академик Т.Қ. Жездібаевты еске алуға арналған облыстық жарысы қашықтан өткізілді.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"