Ұлт көшбасшысы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын ұсынған болатын. Басғдарламаның басты мақсаты – өскелең ұрпақты туған жердің тарихын білуге, өлкетану жұмыстарын жүргізуге және ең бастысы отансүйгіштікке тәрбиелеу. Осы бағдарламада айқылған міндеттерді басшылыққа ала отырып Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы 2018-2019 оқу жылында 600 дей оқушыларға 20 –дан аса 1 күндік және көпкүндік экскурсиялар ұйымдастырды.
Экскурсияға Нұрсұлтан, Алматы, Ақтөбе , Шымкент, Ақтау қалаларынан және БҚО аудандарынан келген болатын. Экскурсия барысында оқушылар Орал қаласы туралы ақпаратты тыңдап, музейлерде экспонаттармен танысып және қаланың мәдени тарихи ескерткіштерін тамашалады. Мысалы, «Жүз жолдың бірі – сенікі» атты бір күндік экскурсияда оқушылар Орал қаласының оқу орындарына барып, оқытушылар мен студенттермен кездесіп, қала кәсіпорындарын көрді. «Қасиетті жерлер бойымен» үш сағаттық экскурсиясы балаларды әлем діндерінің негіздерімен таныстырды. Олар Қызыл мешітті, Михаил Архангел соборын, Ескі мешітті, Құтқарушы Христос храмын, жаңа мешітті, католик шіркеуін көрген болатын. Осындай экскурсиялар кезінде балалар өлке тарихына, оның киелі орындарына деген білімдерін арттырады, мәдени тарихи ескерткіштерді білу, сақтау және қорғау керек екенін бойына сіңіреді.