Құттықтаймыз!!!

2022 жылдың 18 - 22 ақпан аралығында Алматы облысы «Алатау» шаңғы биатлон кешенінің аумағында шаңғымен спорттық бағдарлаудан Қазақстан Республикасының чемпионаты өткізілді. Батыс Қазақстан облысының құрама командасы қатарында Орал қаласы, ОБЖТжЭО, Бәйтерек, Бөрлі және Теректі аудандарының таңдаулы оқушылары сынға түсті.

Өңіріміздің спортшылары барлық қашықтықта бәсекелестік танытып жекелеген сында төмендегідей нәтижелер көрсетті: 16 жасар қыздар арасында:

- Губашева Алина «Орта» қашықтығында 1 орын, «Ұзақ» қашықтығында 2 орын, «Эстафета» қашықтығында 2 орын, «Спринт» қашықтығында 2 орын;

- Амангелдиева Шынар «Ұзақ» қашықтығында 3 орын, «Спринт» қашықтығында 1 орыннан көрінді.

Басқа спортшыларымыз да осы чемпионатта үздік бестіктен үнемі көрініп, мол тәжірибе жинады. Осы чемпионатта Батыс Қазақстан облысының командасының қоржынына 2 алтын, 3 күміс, 1 қола түсті.

Жарысқа республикамыздың өңірлерінен 9 команда қатысты: Шығыс Қазақстан облысы, Батыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Алматы облысы, Алматы қаласы, Қарағанды облысы, Нұр-Сұлтан қаласы, Қостанай облысы, Ақмола облысы командасы. Жалпы қатысушылар саны 168 спортшы. Командалар «Орта» қашықтығы, «Ұзақ қашықтығы», «Командалық эстафета», «Спринт» қашықтығы бойынша сынға түсті.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"