Педагогика ғылымдарының кандидаты, Халықаралық балалар - жасөспірімдер туризмі және өлкетану академиясының академигі 1986 - 2019 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығының директоры болған В.П.Фоминнің 65 жыл толуына орай, ұжым бір минуттық үнсіздікпен еске алып, бюстке гүл шоғын қойды.
Туристік-өлкетану, экологиялық қызметте өшпестей мұра қалдырған педагог өзі қызмет жасаған уақытындағы авторлармен бірігіп, қазақ және орыс тілдерінде шыққан еңбектерінен «Балалар туризмінің жолбасшысы» атты суретті-көрме коллаж жасақталып шығарылды.
Суретті –коллаж көрмесіне өскелең ұрпақты туризм саласы арқылы патриоттыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеген туристік-өлкетану қызметі арқылы кейінгі ұрпаққа рухани азық үлгі ретінде қалдырған әр жылғы жарық көрген кітаптары, еңбектері, әдістемелік құралдар, ғылыми-әдістемелік «Соқпақ-Тропинка» журналы және фотолары, мерзімдік баспасөз беттеріндегі мақалалары қойылды.