2022 жылдын 9 сәуір күні өлкетанушы, балалар туризмінің патриоты, ұстазы Виктор Павлович Фоминнің туғанына 65 жыл толуына орай, тұлғаның өмір деректері,атқарған кызметі туралы мәлімет беру мақсатында «Ұлағатты ұстаз тағылымы» атты ашық сабағы өткізілді. Ашық сабаққа «Жас тұлга», «Жас өркен» үйірмелерінің окушылары катысты. Ашық сабақтын ұйымдастырушысы Т.Ғайнеден В.П.Фоминнің өмірбаяны туралы презентация көрсетіліп, еңбек жолындағы жеткен жетістіктерін оқушыларға таныстырды.
Алғашқы сөз Батыс Қазақстан облысы балалар мен жасөспiрiмдер туризм және экология орталығының директоры Ғ. И. Бекқалиевке беріліп, В.П.Фоминнің өмір жолына тоқталып, орталыктың казіргі таңдағы жұмастарымен таныстырды. Музейде сонымен қатар, "Балалар туризмнің жолбасшысы" көрмесі ұйымдастырылды. Шараның жалғасы «Құнды экспонаттар» атты квест ойынымен жалғасты. Оқушыларға квест ойының шарттарын тусіндіріліп, берілген схема- карта бойынша әр топқа 4 бақылау пункттерінде қойылған сұрақтарга жауап бере отырып, тұлғаға байланысты экспонаттарын жинақтады. Корытындылау кезеңінде екі топқа ішінде дұрыс және жалған 10 мәлімет жазылған конвертегі сұрақтар беріліп , окушыларға соның ішінен дұрыс мәліметтердi тауып, тақтада ілінген постерге жапсырып, шара барысында айтылған ақпараттарды түйіндедi.