Өзіңізді және отбасыңыздың ЖРВИ мен тұмаудан қалай қорғауға болады!
ЖРВИ мен тұмау - бұл тыныс алу жолдарының, вирустар туындататын ең көп таралған аурулары.Олар науқас адамнан ауа-тамшы жолымен жұқтырылады.
Негізгібелгілері:мұрынныңбітелуі,тамақтыңжыбырлауы,дауыстыңқырылдауы. жөтел, дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, бұлшықеттердіңауырсынуы жәнет.б.
ЖРВИ мен түмау балаларда құсумек, іш өтумен, тыныс алуының қиындауымен білінуі мүмкін. Балалардың, жүкті әйелдер мен қарттардың ЖРВИ және тұмаумен сырқаттануына жол бермеу ісіне баса назар аудару керек!
ЖРВИ МЕН ТШАУ АУРУЫ КӨБЕЙГЕН КЕЗЕҢДЕ АУРУ ЖҰҚТЫРУДАН ҚАЛАЙ САҚТАНУҒА ЖӘНЕ ҚАЛАЙ АСҚЫНДЫРМАУҒА БОЛАДЫ:
• Отбасында, жұмыста ауру адам бар болған кезде міндетті түрде бетперде кию керек
• Мұрынның сілемейлі қабатын, әсіресе үйден шығар кезде оксолин майымен майлау керек
• Адамдар көп жиналатын орындарға бармау керек (вокзал, әуежай, қоғамдық көлік, супермаркет, балабақша мен мектеп)
• Қатты тоңбау, ауа райына байланысты киім кию керек
• Ең алдымен балаларға, жүкті әйелдер мен қартарға дер кезінде дәрігердің кеңесіне сәйкестұмаудан қорғайтын вакцинажасау керек!
• ЖРВИ мен тұмаудың алғашқы профилактикасы үшін дәрі қобдишасының болуы (термометр, бетперде, аскорбин қышқылы, интерферон, оксолин майы, мұрынға тамызатын тұзды ерітінділер және басқа)!
• Жеке тазалықты сақтау.қолды жиі жуу
• Ұдайы ылғалды тазалау шараларын жүргізіп, үй-жайды желдетіп отыру керек (күнінеЗ реттен жиілетпей)..
ЖРВИ мен тұмаудың алғышқы белгілері білінген
кезде дереу дәрігер шақырту керек.
ЖРВИ мен тұмау иммунитеті әлсіреген жүкті
әйелдерді түрлі асқынушылықтарға душар етуі
мүмкін екенін есте сақтаңыз (бронхит, пневмония, мерзіміне жетпей босану).
Тек дәрігер ғана Сізге жеке тексеру барысында ем
тағайындай алады! Өз бетіңізше емдеумен
айналыспаңыз, ол Сіздің денсаулығыңыз үшін қауіпті.
Өзіңізді жэнө отбасыңыздың денсаулығын сақтаныз!